Дзюдодан Праиж Олимпиадасының жеңімпаздарын халық Алматы әуежайында қарсы алды.
– Көңіл-күй өте тамаша. Бұлай қарсы алады деп ойламадық. Ерекше ықылас, – деді Олимпиаданың қол жүлдесін жеңіп алған Ғұсман Қырғызбаев.
Елдос Сметов әуежайдан бірден шығып кеткен. Ал Ғұсманды көрген азаматтар оны құрметпен қарсы алып, жеңімпазды көкке көтере қолпаштады. Журналистердің сұрағына Әбиба Әбужақынова жауап берді.
– Осылай күтіп алып жатқандарыңызға үлкен алғысымды білдіремін. Медальсіз қалдым. Бұйырса, Алла жазса, биіктерге жетуге уәде беремін. Менің жақсы күресіп келе жатқаныма екі-ақ жыл болды. Аздап уақыт жетпеді. Қарсыластарым бұрыннан жүлдеген болып жүрген қыздар. 48 келіде қалам. Салмақ ауыстырмаймын. Екі аптадай демалып, қайтадан татамиге оралам. Маған бұл жарыс сынақ болды. Жеңілсем де қолдап жатыр. Бәріне көп рахмет! – деді ол.
Ғұсман Қырғызбаевқа қалталы азаматтар әуежайда көлік сыйлады.
Дереккөз: ulysmedia.kz