Мәжіліс «Парламент сөзі» сыйлығына журналистерден өтінім қабылдауды бастады. Жеңімпаздар БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында марапатталады.Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі «Парламент сөзі» сыйлығына үміткер журналистерден өтінім қабылдауды бастады.Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дәстүрлі байқау журналистердің кәсіби мерекесі – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталады.
Байқауға 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап 2025 жылғы 13 маусымға дейін жарияланған немесе эфирге шыққан, Мәжіліс пен оның заң шығарушылық қызметі туралы материалдар қабылданады.
- Үздік телевизиялық сюжет
- Үздік баспа жарияланым
- Үздік интернет материал
- Үздік радиоматериал
- Үздік фотоматериал
«Парламент сөзі» арнайы номинациясы
Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін арнайы марапат
Сонымен қатар Мәжіліс қызметі туралы арнайы репортаж жасаған журналистер де назардан тыс қалмайды.
Өтінімдер 2025 жылғы 16 маусымға дейін қабылданады. Журналистер өз материалдарын Smimazh@parlam.kz электрондық поштасына жолдауы қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін Мәжілістің ресми сайтына немесе келесі байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады:
📞 74-63-01
📞 74-63-05