Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды
  • Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды
  • «Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды
  • Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады
  • Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады
  • «Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды
  • Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы
  • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Патриотизмнің нағыз көрінісі: Irbis-Alatau командасы баскетболдан Қазақстан чемпионы атанды

Патриотизмнің нағыз көрінісі: Irbis-Alatau командасы баскетболдан Қазақстан чемпионы атанды

20 Мамыр, 2024 Қоғам
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Атырау қаласында өткен ерлер арасындағы Баскетболдан Қазақстан чемпионатының финалдық сериясы аяқталып, Алматы облысынан бараған «Irbis-Alatau» командасы жоғары дәрежедегі ойын үлгісін көрсетіп жеңіске жетті. Кездесудің басынан-ақ Irbis-Alatau, ойында басымдылық танытып алғашқы минуттардан ақ алға шықты, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Бірінші ширекте жылдам алға шығу мүмкіндігі үшін нәтижелі шабуылдар ұйымдастырып, команда өз ұпайын 13 ке жеткізді. Қарсылас «Атырау Барсы» командасы қуып жету үшін үздіксіз шабуылдауға күш сала бастады. Нәтижесінде Атыраулықтар бірінші ширектің соңына қарай есеп айырмасын қысқарта алды. Дегенмен Алматы облысы 26-17 есебімен алғашқы ширекте ұпайларын толтырды. Осылайша ойын барысындағы төрт ширекте де «Irbis-Alatau» мойын оздырып,қарсыласын шаң қаптырды. Осы аталған ширектерде Атыраулықтардың бірнеше тәртіп бұзушылықтары байқалып, қонақтарға еркін лақтырыста ұпай алуға мүмкіндік берді. Су жаңа Қазақстан чемпиондары сапында ең үздік ойыншы Роберт Пан атанды. Ол 20 ұпай, 5 допты қақшу, 4 нәтижелі пас берді және 1 рет допты тартып алды.

«Атырау Барысы» өз сапында 23 ұпай жинап, 5 допты қақшу, 9 нәтижелі пас және 3 допты тартып алуды жасаған Джарвис Гаррет үздік ойыншы атанды. Чемпионатта, Ұлттық лиганың ерлер командалары арасындағы ХХХІІ Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша Irbis-Alatau -дан Роберт Пан және Маркус Майерс үздік ойыншылар атанды. Сонымен қатар стратегиялық шешімдері мен көшбасшылық қабілеттері арқасында Чемпионаттың үздік жаттықтырушысы болып «Irbis-Alatau» командасының жаттықтырушысы Чвирка Рамунас атанды.

Чемпиондардың марапаттау рәсімін Қазақстан баскетбол федерациясының Бас хатшысы, Алмаз Ұзақов өткізді. Чемпионатты қорытындылай келе, ол биылғы жылдың жоғары деңгейде өткенін атап өтті: «Барлық командалар 100 пайыз күш жұмсады. Бірақ «Irbis-Alatau» командасы Чемпионат қорытындысы бойынша жеңіске жетті» — деді өз сөзінде.

Ал енді жаттықтырушылардың пікіріне келсек, «Irbis-Alatau» бапкері Рамунас Цврика жеңістен кейінгі эмоцияларымен бөлісті.

«Чемпионат аяқталғаннан кейін – жүрек толқуы басылып өзімізді еркін сезінудеміз. Биылғы чемпионат өте ұзақ болды. Барлық серияда жоғары деңгейде төрешілік еткен қазыларға алғысымды білдіремін. Қарсылас командаға да алғыс айтқым келеді. Саны аз болса да, өте талантты ойыншыларымыздың арқасында жеңіске қол жеткіздік. Жеңістің оңайы болмайды. Жеңілген кездерімізде болды. «Irbis-Alatau» ірі жеңіске жетіп, Қазақстан чемпионы атанды», -деді ол.

«Олардың матчтың басынан аяғына дейін белсенді және үйлесімді ойыны бұл атаққа қол жеткізуге мүмкіндік берді. «Irbis-Alatau» командасын лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Бұндай чемпиондық атақтар елдегі жастардың спортпен айналысып, ел намысын қорғайтын патриоттардың өсіп шығуына дайын мысал, үлгі», -деді «Атырау Барсы» бапкері Тигран Гокчян да өз әсерімен бөлісіп.

Оқылып жатыр

Ақтөбеде дәрігерді қатыгездікпен өлтіру ісі: сотта сұмдық деректер жарияланды

«Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

«Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді

Соңғы жазбалар

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

15 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды

15 Қыркүйек, 2025

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

15 Қыркүйек, 2025

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

15 Қыркүйек, 2025

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

15 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.