[Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі аталған оқиға бойынша келесідей хабарлама жасады:
«Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов биылғы 8 қаңтардан қазіргі уақытқа дейін денсаулық жағдайына байланысты демалыста. Біздегі ақпарат бойынша Павлодар облысының Полиция департаменті жеке тұлға Серік Батырғожиновтың өтінішіне сәйкес бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жәбірленуші тарап — Серік Батырғожинов», – деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.
Аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізілген. Айыптаушы тараптың ұсынған фактілері тексерілген және расталмаған. Бүгінде іс сотқа жіберілді.