Бүгін Сәтбаев ауылында үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама түнгі сағат 02:58-де түскен, деп хабарлайды Todayinfo.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
Ауылда 5 бөлмелі үй өртенді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде үйдің шатыры, ондағы заттар мен жиһаз жанып жатқан. Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы – 180 шаршы метр.
Облыстық ТЖД мәліметінше, үйде 6 адам болған. 3 адам (әйелі мен күйеуі, әже) өз күшімен жанып жатқан үйден шыққан.
Өрт сөндіруші үйден 2015 жылғы баланы алып шықты. Өкінішке қарай, ол ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.
фото: ғаламтордан
Todayinfo.kz