Фото: Ирбис TV
Қайғылы оқиға кеше кешке Тілектес ауылының маңында болған, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Павлодар – Семей автожолында жол апатынан үш адам қаза болды делінген Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Қайғылы оқиға 8 қаңтар сағат 21:00-де «Павлодар-Семей» автожолында Аққулы ауданы Тілектес ауылының маңында болған.
«Kia Sportage автомашинасының жүргізушісі қар жинайтын машинаны басып озған кезде қарсы келе жатқан КАМАЗ автомашинасымен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында қайтыс болды», — деп жазылған ведомство хабарламасында.
Kia көлігіндегі жолаушы ауруханаға жатқызылды. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды.