Павлодар облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімі ҰҚК өңірлік департаментімен бірлесіп, облыс прокуратурасының қызметкеріне қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.
Бас прокуратураның мәліметінше, Павлодар тұрғыны прокуратура қызметкерінің алаяқтық әрекетіне байланысты шағым түсірген. Осы арыз негізінде жедел-тергеу шаралары басталған. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, басқа деректер жарияланбайды.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтау қалалық соты Алматы әуежайында ұсталған прокурор Ерболат Әбдіровке қатысты әкімшілік істі тоқтатқан болатын. Сот оның әрекетінен құқықбұзушылық белгілерін анықтамаған. Алайда Алматы қаласының авиациялық көлік прокуроры бұл шешімге шағым түсірді. Енді апелляциялық шағым Маңғыстау облыстық сотында қаралады.
Еске сала кетсек, 27 тамызда Алматы әуежайында Әбдіров пен оның жерлестері арасында жанжал туындаған. Келесі күні әуежай полициясы оған қатысты әкімшілік хаттама толтырған еді.
Фото: Freepik