Павлодар қаласында университет басшылары бір кітапты 31 миллион теңгеге сатып алмақ болған, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Бұл туралы облыс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің волонтерлері мемлекеттік сатып алу порталын мониторингтеу барысында анықтаған.
Волонтерлер оқу әдебиетінің орташа құны 3-тен 8 мың теңгеге дейін екенін анықтады.
Тапсырыс берушінің атына хат жолданғаннан кейін сатып алу қайта қаралады.