Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
  • Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті
  • «Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді» – Тоқаев
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 14 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Педагогтарға қолдау қажет»: Аягүл Миразова жуырда тағайындалған министрге кеңес айтты

14 Қазан, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Егемен Қазақстан

Еліміз Тәуелсіздік алған жылдардан бері қандай қиын кезең болса да, білім саласына қаржы бөлуден мемлекет ешқашан тартынған емес.

90-жылдары қабылданған «Болашақ» бағдарламасы — соның нақты дәлелі. Мемлекет жастардың шетелде білім алуына мүмкіндік жасап, болашақ мамандарды ел игілігіне қызмет етуге бағыттады.
Қазақстан педагогика ғылымдары академиясының академигі, Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразованың айтуынша, мектеп пен ұстазға деген көзқарас ешқашан төмендеген жоқ. Бірақ уақыт өте қоғам да, адамдар да өзгерді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

— «Бір кездері айлығын уақытында ала алмай, базар аралап кеткен мұғалімдер болды. Кейін ұстаз беделін көтеруге бағытталған көптеген шаралар жүзеге асты. Педагог мәртебесі туралы заң — соның бірі. Бұл заңның қабылдануына Президенттен бастап Мәжіліс депутаттары, әсіресе Гүлмира Исимбаева үлкен үлес қосты», — дейді ол.

Миразова білім саласындағы маңызды олқылықтардың бірі — ата-ананың жауапкершілігі заңмен нақты бекітілмегені екенін атап өтті.

— «Біз кезінде бұл бапты Педагог мәртебесі туралы заңға енгізуді бірнеше рет ұсындық. Мәселен, Тәжікстанда бала мектепке барғаннан кейін де ата-ананың міндеттері нақты жазылған. Ал бізде ондай бап мүлде жоқ. Сол себепті бірде мектепті, бірде ата-ананы кінәлаймыз. Ал жауапкершілік екі жақта да болуы керек», — дейді академик.

Оның айтуынша, мұндай жүйесіздік салдарынан талай білікті ұстаздар мен директорлар жазықсыз күйіп, лауазымынан айырылған.

— «Мұғалім ата-ананың орнын баса алмайды, ал ата-ана ұстазды алмастыра алмайды. Баланың тәрбиесіндегі бірінші тұлға — ата-ана. Ұстаз тек білім береді, бірақ оның педагогикалық этикасы мен адами қасиеті жоғары болуы шарт», — деп қосты Миразова.

Аягүл Миразова оқулық сапасы мен білім мазмұнын да сынға алды. Оның айтуынша, бағдарлама мен оқулықтың сәйкессіздігі әлі күнге дейін шешілмеген.

— «Бұрын жақсы оқулықтар шықты, кейін сапа ақсап қалды. Мұның бәрі тек министрдің жұмысы емес, бұл — күрделі жүйе», — деді ол.

Ол сондай-ақ мектеп инфрақұрылымында оң өзгерістер болғанымен, тәрбие мен жауапкершілік деңгейінің төмендеп бара жатқанын атап өтті.

— «Ұстаз беделін айлықпен өлшеуге болмайды. Мұғалім қаншалықты білімді болса да, егер жүрегінде шәкіртке деген жылуы болмаса, нәтиже аз. Ұстаз бойында білім, мейірім, бедел мен жауапкершілік қатар жүруі керек», — дейді педагог.

Белгілі педагог білім саласын бір ғана министрдің жұмысына байлап қоюға қарсы.

— «Әр министрдің өз қолтаңбасы бар. Біреуін сынап, екіншісін асыра мақтау — дұрыс емес. Бастысы — жүйелі жұмыс. “Шымшық сойса да, қасапшы сойсын” дейді халқымыз. Яғни саланы жақсы білетін адамның келуі — нұр үстіне нұр», — дейді Миразова.

Ол қазіргі министр Жұлдыз Сүлейменоваға сенім білдірді:

— «Жұлдыз менің мектебімде жұмыс істеген, өте білімді тарихшы, мінезі өткір, сөзі нық. Оның көзқарасын толық қолдаймын. Тек бастамаларды сөз жүзінде емес, нақты заңмен бекіту керек», — деді ол.

Аягүл Миразова сөз соңында цифрлық дәуірдің жаңа сынақтарына тоқталды. Оның пікірінше, смартфондарға тәуелділік оқушылардың есте сақтау қабілетін төмендетіп жатыр.

— «Біздің кезімізде кітаппен тәрбиелендік, ал қазір бала дайын ақпаратқа сүйенеді. Сондықтан педагогтарға қолдау қажет. Ұстаздардың жалақысы өсті, енді соған сай жауапкершілік те артуы тиіс», — деп түйіндеді ол.

Оқылып жатыр

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

«Ұйықтап отыр ма?»: Дәулет Мұқаев Үкімет сағатындағы әрекеті үшін сынға қалды

«Әжесіне көмектесуге барған»: Ақтөбеде жасөспірімнің өліміне байланысты жаңа деректер пайда болды

Соңғы жазбалар

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025

«Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді» – Тоқаев

14 Қазан, 2025

«Педагогтарға қолдау қажет»: Аягүл Миразова жуырда тағайындалған министрге кеңес айтты

14 Қазан, 2025

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.