Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов атышулы Перизат Қайраттың ісіне қатысты тың деректерді мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Агенттік мәліметінше, тергеу барысында үш негізгі эпизод анықталған:
Палестинаға қаржы жинау;
Су тасқынынан зардап шеккендерге көмекке қаражат жинау;
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған реабилитациялық орталық үшін 22 млн теңге жинап, оны өз қажетіне жарату.
«Жақында бұл қылмыстық істі аяқтап, сотқа жіберуді жоспарлап отырмыз», – деді Елемесов.
Оның айтуынша, тергеу материалдары 100-ден астам томнан тұрады. Іс наурыз айының соңында аяқталуы мүмкін, алайда материалдармен танысу процесі қылмыстық іске қатысушыларға байланысты созылуы ықтимал.