Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • «Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Петропавлда аутизмге шалдыққан балалар жертөледе оқуға мәжбүр

13 Маусым, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Петропавлда аутизмге шалдыққан балалар жертөледе оқып жүр. Себебі қалада мамандандырылған арнайы үйірмелер жоқтың қасы. Ата-аналар жатақхананың сыз тартқан жертөлесін жалға алуға мәжбүр, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. 

Бұл – аутизмге шалдыққан балаларға арналған қоғамдық қордың орталығы. Биыл жатақхана жертөлесін жалға алып жүргендеріне 6 жыл болады. Ата-аналар «сыз тартқан тар бөлмеде ем қабылдау ыңғайсыз» дейді. Елена Варфоломееваның ұлына 4 жасында аутизм диагнозы қойылған. Ол да өзгелер секілді баласын дамытуға тырысып әлек. Ем-шарадан қалмау үшін ұлын амалсыздан осында әкелуге мәжбүр.

«Жеке бөлмелердің болғанын қалаймыз. Жыл сайын бала саны да артып келеді», – деді қала тұрғыны Елена Варфоломеева

Қор басшысы бірнеше жылдан бері жауапты органдардан кең әрі жайлы орын беруді талап етіп жүрген көрінеді. Бірақ нәтиже жоқ.

«Көріп тұрсыздар, жертөледе отырмыз. Жуынатын бөлмеміз кәріз суын төгетін құбырлардың астында орналасқан. Сондықтан кейде бұл жерді су басып кетеді. Мұндай жағдай биыл екі рет қайталанды», – деді қоғамдық қор жетекшісі Татьяна Ковалева.

Өңірде аутизмге шалдыққан балаларға арналған тағы бір орталық бар. Алайда онда бала саны көп. Олар жылына тек 36 сағат білім алады. Осы нысанның жанынан жыл соңына дейін тағы бір орталық салу жоспарланған. Алайда ол жақтан үй беру мәселесі жолға қойылмаған.

«Қазір білім беру мекемелерінен бөліп беретін орын жоқ. Мектептердегі барлық кабинетте балалар оқып жатыр. Сондықтан мүмкіндік болмай тұр»,  – деді СҚО Білім басқармасының баспасөз хатшысы Әсел Оразбаева.

Өңірде аутизмге шалдыққан балаларды дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру үшін 15 психологиялық-педагогикалық кабинет жұмыс істейді. Оның екеуі Петропавлда болса, 13-і облыстың өзге аумағында орналасқан. Өңір бойынша 723 бала аутизмге шалдыққан.

Ақпарат көзі: Алматы каналы

аутизмге балалар жертөледе мәжбүр оқуға Петропавлда шалдыққан

Оқылып жатыр

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

Соңғы жазбалар

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.