Фото: © istockphoto.com
Петропавлда мас адам көшедегі адамдарға тапанша кезеніп, жұрттың зәресін алған. Алайда, қаскөйді Ұлттық ұлан офицері дереу қолға түсірді, деп хабарлайды Todayinfo.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің хабарлауынша, кешкі уақытта туыстарынан қайтып келе жатқан әскери қызметкер үй ауласында қолында травматикалық тапаншасы бар ер адамды байқайды. Ол мас күйінде өтіп бара жатқан адамдарға қару кезеніп, айналасындағыларға қауіп төндірген.
«Жағдайды түсінген офицер еш кідірместен оған жақындаған, бірақ қарулы адам тапаншаны оған да бағыттаған. Осы сәтте капитан жедел әрекет етіп, жауынгерлік тәсілдерді қолданып, оны құрықтап, қозғалмайтын күйде ұстап тұрған», — делінген хабарламада.
Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері жетіп, қарулы бұзақыны қамауға алды. Ұлттық ұлан жауынгері батылдық пен кәсібилік танытып, қоғам қауіпсіздігі үшін маңызды рөл атқарды