Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • «Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Петропавлда қаскөй әйелін, 4 жасар інісін және бір жасар өгей қызын өлтірген

23 Мамыр, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Петропавлда 3 адам қаза тапқан қайғылы оқиғаға қатысты сот отырысы өтуде. Айыптаушы тараптың мәліметінше, 25 жастағы ер адам кішкентай інісін, азаматтық некедегі әйелі мен оның бір жасар қызын өлтіріп, кейін үйді өртеп жіберген. деп хабарлады  Петропавловск.news.

Сотталушының анасы ұлының бұлай істегеніне сенбейді. Петропавлдағы шағын ауданда жеке үйде өрт шығып, жас әйел, бір жасар қыз бен төрт жасар бала қаза тапты. Өрттен аман қалған ер адам өзінің өрт кезінде ұйықтап жатқанын, оянғанда сүйіктісі мен балаларына көмектеспек болғанын, олардың ес-түссіз жатқанын көрген соң терезені сындырып, қашып үлгергенін айтқан. Көршілері жігіттің не істерін білмей жылағанын алға тартады. Алайда бір айдан кейін отағасы кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Сот отырысында прокурор Роза Жолаушинова істің мән-жайын айтып берді. 2023 жылдың 25 қыркүйегінде кешке сотталушы анасының үйіне келді. Жұмыстан кейін ер адам демалмақ болады.

«Сағат 19.00 шамасында балалар ойнап жүріп, оны оятып жібереді. Күдікті балаларға ұрысқан. Сол сәтте әйел балаларды жақтаған. Осылайша жанжал басталып, балалар жылай бастаған. К. жанжал кезінде әйелін итеріп жіберді, ал кішкентай қызы анасына жүгіріп барған. Ер адам қызды қолына алып, баланы үйдің верандасына қарай лақтырып жіберген», —  деді Роза Жолаушинова.

Айыптаушы тараптың айтуынша, қыз бала ауыр жарақат алып, сол жерде көз жұмды. Айыптау қорытындысында қыздың анасы полицияға хабарлаймын деп қорқытқан кезде ер адам оны тұншықтырып өлтіргені айтылған. Ер адам інісін де осылай өлтірген көрінеді.

Айыптау қорытындысына сәйкес, сотталушы балаларды көрпеге орап, верандаға шығарып, өртеп жіберген. Өрт басталған кезде сотталушы көршілерін көмекке шақырып, дәліздегі терезені сындырып, көшеге шығып кеткен, сол арқылы өзі өрт құрбаны болғанын дәлелдеп берген.

Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері келіп, өртті сөндірді және әйел мен екі баланың мәйітін тапты.

Прокурор Роза Жолаушинова атап өткендей, сараптамалар 21 жастағы әйелдің өрт пен көмірқышқыл газынан улану салдарынан қайтыс болғанын көрсеткен. Күдіктінің інісі өртке дейін көз жұмған. Бір жасар қызға келсек, сарапшылар баланың бас сүйектерінің сынуы мен қан кету түріндегі ауыр бас ми жарақатын алғанын, бұл жарақаттар өліміне себеп болуы мүмкін екенін анықтады.

Сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оның өзі тағылған айыптардың ешқайсысы бойынша өз кінәсін мойындамады, оның пікірінше, тергеушінің өзіне жеке араздығы бар. Сотта жәбірленуші, қайтыс болған төрт жасар баланың анасы жауап берді. Әйел үлкен ұлының кінәсіне сенбейді және тағылған айыпты негізсіз әрі қисынсыз деп есептейді.

«Ол әйелі мен қызын қатты жақсы көретін. Жақында ресми түрде үйленейін деп жүрген еді. Жатақхана жалдап, өз беттерімен өмір сүргіміз келеді деп айтатын. Шыбынға да зияны жоқ, ол өтірген болуы мүмкін емес», – дейді келіншек.

 

ілінді інісін адам бір деген ер жасар және күдікке Петропавлда қызын әйелін өгей өлтірді

Оқылып жатыр

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

БҚО-да жаңа индустриялық кезең басталады: 14 инвестициялық ірі жоба қолға алынды

Соңғы жазбалар

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.