Жүргізуші назарына: Полиция тоқтатқанда көліктен шығу міндетті ме?
Көлік тізгіндеген кез келген адам үшін полицияның ала таяғын көтеруі – кішігірім стресс. Тіпті жол ережесін бұзбасаңыз да, бойыңызды «бірдеңе дұрыс емес пе?» деген күдік билейтіні рас. Todayinfo.kz порталы кеңес ұсынады.
Алайда, заңгерлердің айтуынша, жүргізушілердің басым бөлігі өз құқықтарын білмегендіктен, қарапайым жағдайдың өзінде қателікке бой алдырады. Полиция қызметкерімен қалай дұрыс сөйлесу керек?
Алғашқы әрекет: Сабыр сақтаңыз
Инспектор тоқтатқан кезде көліктен атып шығудың қажеті жоқ. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сіз көлік ішінде отыруға құқылысыз. Терезені түсіріп, инспектордың жақындағанын күтіңіз.
Полиция қызметкері бірінші болып өзін таныстыруы, лауазымын, аты-жөнін айтып, тоқтату себебін түсіндіруі міндетті. Егер ол мұны жасамаса, сыпайы түрде қызметтік куәлігін көрсетуді сұраңыз. Бұл – сіздің заңды құқығыңыз.
Көліктен қашан шығу керек?
Бұл – жүргізушілер арасындағы ең көп талқыланатын сұрақ. Заң бойынша, инспектор сізді көліктен шығуға мына жағдайларда ғана міндеттей алады:
-
Көліктің техникалық ақауын немесе жүкті тасымалдау ережесінің бұзылуын жою қажет болса;
-
Жүргізушінің мас екендігіне күдік болса;
-
Көлік нөмірлері лас немесе дұрыс орнатылмаса;
-
Хаттама толтыруға немесе тексеруге қатысу қажет болғанда.
Басқа жағдайларда, құжаттарды тексеру үшін көліктен шығу міндетті емес.
Телефонға түсіруге бола ма?
Иә, болады. Қазақстанда полиция қызметкерінің жұмысы ашық әрі жариялы түрде жүзеге асады.
Егер инспектордың әрекеті күмән тудырса немесе дөрекілік танытса, оны видеоға түсіруге толық құқығыңыз бар. Бұл сотта немесе шағым түсіргенде басты дәлел бола алады. Бірақ, камераны инспектордың бетіне тықақтап, қызметіне кедергі келтірмеуге тырысыңыз.
Хаттамамен келіспесеңіз
Егер сізге айыппұл жазылып жатса, бірақ сіз онымен келіспесеңіз, хаттамаға қол қоюдан бас тартпаңыз. Оның орнына «Түсініктеме» бөліміне «Ереже бұзғаныммен келіспеймін, заңгер көмегін қажет етемін» деп жазып қойыңыз.
Бұл жазба кейіннен істі сотта қарау кезінде сіздің пайдаңызға шешілуіне септігін тигізеді. Есіңізде болсын, жолдағы сенімділік – білімнен басталады.
Сіздің басыңыздан осындай жағдай өтті ме? Полиция қызметкерімен дауласып, жеңіп шыққан кезіңіз болды ма? Тәжірибеңізбен бөлісе отырыңыз!
Алматыдағы жаппай рейд: Көлігіңізді айыптұраққа қоймас үшін нені білу керек?

