Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • «Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Полицияға 25 рет жүгінген» — Елордалық келіншек бұрынғы күйеуінен әлі қорлық көріп келеді

24 января, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бұрынғы күйеуінің ұрып-соққанынан шаршаған астаналық Таңшолпан Керімова көмек сұрайды. Әйелдің айтуынша, бұрынғы күйеуі күндіз терезесіне тас лақтырса, түнде оқ атудан тайынбайды екен. 25 рет хаттама толтырылса да полиция «қылмыс құрамы жоқ» деген сылтаумен оны жауапқа тартпай отыр. Бұл туралы толығырақ КТК телеарнасы хабарлады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан құтыламын деп ажырасып кеткеніне 6 жылдың жүзі болса да Таңшолпан күйеуінің өктемдігін әлі күнге дейін көріп келеді. Тіпті Тараздан Астанаға қоныс аударған.

 

Үйімнен, жұмысымнан шыға алмай қалдым. Мұрнымды сындырғанына байланысты қылмыстық іс қозғалып, кейін тоқтап қалды. Учаскелік полицей «Ешқандай құқықбұзушылық көріп тұрған жоқпыз» дейді. «Өткенде мұрнымды сындырды ғой» десем, «ол өтіп кетті ғой» дейді, – деп отыр Таңшолпан Керімова.

 

Келіншек шаңырақ көтергелі ішкі істер органдарына 25 рет жүгініпті. Айтуынша, түрлі себеппен іс жылы жабылып, құзырлы орган өкілдері хаттама толтырудан әрі аспайды екен. Тек бірнеше рет қансырап жатқан келіншекті көрген учаскелік полицей күйеуін 10 тәулікке қамаған.

 

Қайтемін енді? Өліп қалу керек пе? «Ешқандай құқықбұзушылық көріп тұрғанымымыз жоқ, келсе 102-ге хабарласыңыз» дейді. Оның анасы бұрын полиция департаментінде жұмыс істеген. Таразда мен ешқандай әділдік таппадым ғой. Таразда барлық істен сол кісі құтқарып отырды. Мамасы сол жақта істегеннен кейін мен ешқандай әділдік таппадым, — дейді Таңшолпан Керімова.

 

Абақтыдан шыққан соң бұрынғы күйеуінің ашуы тіпті үдей түскен. Не жұмысына, не далаға шыға алмай қалған келіншек қазір 2 қызымен елордадағы дағдарыс орталықтарының біріне жайғастырылған.

 

Осындай әйелдер жиі келіп түседі. Көбіне күйеулері қол көтереді. Психологиялық жәбір көрсетеді. Бұл орталықтың істегеніне 10 жыл болды ғой. Осы уақыт ішінде 2 300-ден астам адам түсті. Бірақ жыл сайын адам саны көбейіп келе жатыр, — дейді Астана қаласы дағдарыс орталығының психологы Жұлдыз Аймағамбетова.

 

Алматы ауданының учаскелік полицейлері соңғы рет келгенде, әдеттегідей тек әкімшілік іс қозғап, 10 тәулікке қамаған. Ал қылмыстық іс ашуға құрам таппайды.

«Аталған факті бойынша құқықбұзушылық анықталып, күдікті Алматы ауданы полиция басқармасының уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылды. Бұған дейін қала тұрғыны жүгініп, жанжал шығарып, оны қудалап жатқан бұрынғы жұбайына қатысты шара қабылдау туралы өтініш білдірген болатын. Полиция қызметкерлері әкімшілік іс қозғады», – деді Астана қаласының ПД ресми өкілі Гүлмира Шырахметова.

фото: КТК арнасы
Todayinfo.kz

бұрынғы де Елордалық жеп жүгінсе келіншек келеді күйеуінен полицияға рет таяқ әлі

Оқылып жатыр

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

Соңғы жазбалар

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.