Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Жылдам әрі қолайлы: Балқаш көліне дейінгі жол жаңарып, көлік қозғалысы үшін ашылды

17 Маусым, 2025

Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

17 Маусым, 2025

«Аяғым ауыр кезде ішіме отырып, аяусыз ұрды: Танымал блогер журналист күйеуінің абьюзер екенін айтты

17 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Жылдам әрі қолайлы: Балқаш көліне дейінгі жол жаңарып, көлік қозғалысы үшін ашылды
  • Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды
  • «Аяғым ауыр кезде ішіме отырып, аяусыз ұрды: Танымал блогер журналист күйеуінің абьюзер екенін айтты
  • «Талибан» жас әйелдердің сауда орталығына кіруіне тыйым салды
  • Доскей ауылында орталықтандырылған су жүйесі тартылуда
  • Өктем Алтаев өзінің бала күнгі арманы ұлы арқылы орындалғанын айтты
  • Израиль-Иран соғысы: түнгі шабуылдан 8 жастағы ирандық гимнаст қыз қаза тапты
  • «Мәдениеттен жұрдай, тәлпіш»: Мөлдір Мұқанова халықтың наласына қалды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 17 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Полициямен ауыз жаласқан»: Қарағанды облысында тергеушілер ұрланған жылқыларды тіркеуден бас тартқан

«Полициямен ауыз жаласқан»: Қарағанды облысында тергеушілер ұрланған жылқыларды тіркеуден бас тартқан

12 августа, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Журналист, ақын Танакөз Толқынқызы қоғамнан әділдік пен көмек сұрады. Ол осы проблеманы шешу үшін барлық телеарналардағы, газет-журналдардағы, сайттардағы және басқа да  ақпарат көздерін ұстап отырған немесе жұмыс істеп жүрген журналист әріптестерімнен көмек сұрайды. Бұл жайында ол әлеуметтік желіде ашық айтты.

«Аса ірі көлемде жасалған «ғасыр» қылмысын әшкерелеуге жәрдем беріңіздер!, — деді Танакөз Толқынқызы.

Ол Берікбол Кәрібаев деген азаматтың 100 жылқының жоғалуына қатысы болуы мүмкін екенін айтады.

«100 жылқыны асай салған Берікбол Кәрібаев аса ірі көлемдегі мал санын жоқ қыларда кімге сенді, кімге арқа сүйеді?-деген сұрақ туады», — деді ол осы адамды нұсқап.

Сонымен бірге ол тәуелсіз журналист ретінде тағы мына нәрсеге назар аударып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, жұтта қырылып қалды деген жылқылардың он шақтысы ауыл адамдарының қорасынан шыққан. Кімнің үйінен табылғанының тізімі бар. Бес үйден табылған.

Кеше алтыншы үйден тағы екі жылқы табылған. Шүленбай жайлауында алты жылқының да жайылып жүргенін ауыл адамдары көрген. Бірақ тергеушілер соларды іздеп барып, акт толтырып, тексеру жұмыстарын жасауға бармай қойған.

Осы жерде ол тергеушілердің жоғалған малды тексеруден бас тартып отырғанын, қылмысты ашудан қашқақтап жатқан құқық органы ұызметкерінің аты-жөнін жақсы білетінін айтты.

ПОЛИЦИЯМЕН АУЫЗ ЖАЛАСЫП АЛҒАН

Содан кейін ол жоғалған жылқыларға қатысты тағы мынадай мәлімет берді. Оның айтуынша, біріншіден, ауыл адамдары Берікбол Кәрібаев пен ауылдың бұрынғы полиция қызметкерінен жоғалған жылқыларды сатып алған.

Екіншіден, малды сатып алған бес адамның біреуі қазір Жаңаарқа ауданында сотта істейді. Ол әкесінің таңбаларын жақсы біледі. Ауылда шырылдап жоғалған 100 жылқысын іздеп жүргенін де біліп отыр. Бірақ үндемей сатып алдық деп ол жылқыларды қорасында ұстап отырған. Оның да аты-жөні белгілі.

Үшіншіден, 3. Кәрібаев — Берікбол Кәрібаевтың әйелі Ғалияның сіңілісінің күйеу. Осы адам істі тексеріп жатқан Жаңаарқа ауданының аға тергеушісі. Осы ретте журналист қылмыстың артында ұйымдасқан үлкен қылмыстық топ жатқан жоқ па деген сауал қояды.

«Біздің істің ақ-қарасын тексереді деп жүрген сотымыздың бірі әкемнің жылқысын қорасында ұстап отыр. Бірі аға тергеушінің рөлінде бажасының ұрлығын өте «әділетті» және «қара қылды қақ жарып» тексерген болып жүр. Тергеу амалдарын аса ірі көлемдегі қылмыстық істің «ұрлады», «алаяқтық жасады» деген күдікпен жауапқа тартылған жылқышының туысқаны жүргізгені қаншалықты әділетті және шынайы болады?», – деді ол.

Тергеушілер ауылдан табылған тағы 8 жылқыға акт толтыруға, тіркеуге, видео-сурет айғақтарын жасауға бармай қойған. Бірақ Астанада отырған мені, яғни тәуелсіз журналист Танакөз Толқынқызын тергегісі келетін көрінеді.

«Меніңше, аса ірі көлемдегі қылмыс мәселесін көтеріп, қоғамға ақпарат таратып, кәсіби мамандығымен айналысып жатқан журналисті емес ұрлық жасаған қылмыскер мен біздің малымызды қорасы мен жайлауында ұстап отырған адамдарды тергеуі, тексеруі керек деп есептеймін. Берікбол Кәрібаевтың артында кім тұр? 100 жылқыны ол біреумен бөлісті ме? Біреуге қылмысын жасырып-жаптыру үшін «ауызбастырық» берді ме? Жоқ енді бере ме? Осының бәрін анықтау, қоғамға нақты және объективті ақпарат беру сіздердің еншілеріңізде, құрметті журналистер мен БАҚ өкілдері», — деп жазды ол.

Ол сөз соңында 100 млн теңгеге бағаланған 100 жылқыны қылғыта салған Берікбол Кәрібаевтың әлі қамауға да алынбағанын айтты.

 

 

 

іздеп жоғалған журналист жылқысын жүр әкесінің

Оқылып жатыр

Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

«Аяғым ауыр кезде ішіме отырып, аяусыз ұрды: Танымал блогер журналист күйеуінің абьюзер екенін айтты

«Талибан» жас әйелдердің сауда орталығына кіруіне тыйым салды

Өктем Алтаев өзінің бала күнгі арманы ұлы арқылы орындалғанын айтты

Израиль-Иран соғысы: түнгі шабуылдан 8 жастағы ирандық гимнаст қыз қаза тапты

Алматыда атақты «Арыстан» базары сүріліп жатыр

Соңғы жазбалар

Жылдам әрі қолайлы: Балқаш көліне дейінгі жол жаңарып, көлік қозғалысы үшін ашылды

17 Маусым, 2025

Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

17 Маусым, 2025

«Аяғым ауыр кезде ішіме отырып, аяусыз ұрды: Танымал блогер журналист күйеуінің абьюзер екенін айтты

17 Маусым, 2025

«Талибан» жас әйелдердің сауда орталығына кіруіне тыйым салды

17 Маусым, 2025

Доскей ауылында орталықтандырылған су жүйесі тартылуда

17 Маусым, 2025

Өктем Алтаев өзінің бала күнгі арманы ұлы арқылы орындалғанын айтты

17 Маусым, 2025

Израиль-Иран соғысы: түнгі шабуылдан 8 жастағы ирандық гимнаст қыз қаза тапты

17 Маусым, 2025

«Мәдениеттен жұрдай, тәлпіш»: Мөлдір Мұқанова халықтың наласына қалды

17 Маусым, 2025

Алматыда атақты «Арыстан» базары сүріліп жатыр

17 Маусым, 2025

«Қолымды қысып, табыс тіледі»: Димаш Құдайберген Си Цзиньпинмен кездесті (ВИДЕО)

17 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.