Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Президент Макронмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

5 ноября, 2024 AQORDA
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Франция тарапы қазақ делегациясын ыстық ықыласпен қарсы алғанын атап өтіп, Эмманюэль Макронға алғыс айтты.

— Осы сапарыма айрықша мән беремін. Бұл Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа белесі болмақ. Бүгінгі келіссөздер және қабылданатын Бірлескен декларация әріптестігімізді күшейтілген стратегиялық деңгейге көтеруге ықпал етеді.

Осы орайлы сәтте Сізді Парижде өткен отыз үшінші Олимпиада және Паралимпиада ойындарының табысты өтуімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл жаһандық спорттағы аса ауқымды әрі айтулы оқиға екені анық. Әлем жұртшылығы жоғары деңгейде өткен додаға куә болды. Сіздің еліңіз 2030 жылы француз Альпілерінде жиырма алтыншы қысқы Олимпиада ойындарын да тамаша деңгейде ұйымдастыратынына сенімдімін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Франция президентінің былтыр Астанаға жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластық пен келісім қазақ-француз байланысын жан-жақты тереңдетуге зор серпін бергенін айтты.

«Қазір мемлекеттеріміз арасында белсенді және сенімді саяси диалог бар. Қазақстан мен Франция халықаралық сахнада тығыз байланыс орнатып, көпжақты құрылымдар аясында бейбітшілік пен орнықты даму қағидаттарын ілгерілетіп жатыр.

— Франция – біздің аса ірі сауда серіктестеріміздің бірі. Сіздің еліңіз Қазақстан экономикасына мол инвестиция салып отырған жетекші елдердің қатарында. Бүгінде Қазақстанда француз капиталы бар 200-ден астам компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Елімізде белсенді жұмыс істеуге ынталы француз бизнес өкілдеріне шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәдени-гуманитарлық байланыстар, соның ішінде білім беру, ғылым, медицина және тарих салаларындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.

Сондай-ақ әлемге әйгілі Гиме мұражайында ашылған Қазақстаның ұлттық өнеріне арналған көрмені айрықша ризашылықпен атап өтті.

Сөз соңында мемлекет басшысы бүгінгі сапардың қорытындысы қос халықтың өркендеуіне игі ықпал ететініне сенім білдірді.

Франция президенті қазақ-француз ынтымақтастығының дамуына тың серпін беретін келіссөздердің маңызына тоқталды.

— Сіздің арқаңызда соңғы жылдары екі ел арасындағы серіктестік айтарлықтай нығайды, – деді Эмманюэль Макрон.

Келіссөздер барысында мемлекеттер басшылары машина жасау, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, энергетика, өнеркәсіптік кооперация, климат, цифрлық даму және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективасын егжей-тегжейлі талқылады. Бұдан бөлек, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе жөнінде пікір алмасты.

 

жүргізді келіссөз кеңейтілген Макронмен президент құрамда

Оқылып жатыр

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

«Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді» – Тоқаев

Тағы бір елдің президенті жастар көтерілісінен кейін елден қашып кетті

Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Мемлекет басшысы «Швейцария – Қазақстан» парламенттік достық тобының мүшелерімен кездесті

Соңғы жазбалар

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.