Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Түркістанда түркі елдерінің қолөнершілер орталығы ашылып, қолөнершілердің халықаралық фестивалі өтті

26 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

26 Қыркүйек, 2025

«Қазақстан Украина сияқты болады»: Қазақтың басты жауларының бірі қайтыс болды

26 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістанда түркі елдерінің қолөнершілер орталығы ашылып, қолөнершілердің халықаралық фестивалі өтті
  • Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
  • «Қазақстан Украина сияқты болады»: Қазақтың басты жауларының бірі қайтыс болды
  • Экономикалық өсім ғылымға тікелей байланысты, бұл аксиома — Тоқаев
  • «Идеологиялық мағынасы жоқ, езбе, продюсері мақтаншақ»: Хабар арқылы көрсетілген Келінжан фильмі қатал сынға ұшырады
  • «Президент өз әкімшілігі дағдарысқа ұшырағанын білгендей»: Қосанов Ақордадағы ауыс-түйістерге саяси баға берді
  • Қарағанды облысында Евней Бөкетовтың 100 жылдығы аталып өтті
  • Кадрлық ауыс-түйістердің астары: Қазақ дипломатиясы тоқырады ма?
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 26 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Президент өз әкімшілігі дағдарысқа ұшырағанын білгендей»: Қосанов Ақордадағы ауыс-түйістерге саяси баға берді

26 Қыркүйек, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ сапарынан кейін бір күннің ішінде бірқатар көмекшілері мен кеңесшілерін қызметінен босатуы қоғам назарын аударды. Әдетте мұндай кадрлық шешімдер кезең-кезеңімен жасалса, бұл жолы ауыс-түйістер ұжымдық сипатта, бір мезетте жүзеге асты. Бұл қадам президент әкімшілігінде жүйелі дағдарыстың барын аңғартатын сыңайлы. Қоғам белсендісі Әміржан Қосанов лауазымды тұлғалардың жиі ауысуы қалыпты үрдіске айналғанын айтады, деп хабарлайды Todayinfo.kz

Соңғы жылдары министрлерден бастап ауыл әкімдеріне дейін лауазымды тұлғалардың жиі ауысуы қалыпты үрдіске айналды. Кеше ғана тағайындалған шенеунік көп ұзамай қызметінен босап жатады. Бірақ олардың не үшін қызметтен кеткені туралы қоғамға ашық ақпарат берілмейді. Бұл дұрыс емес, өйткені әрбір шенеунік – салық төлеушілердің есебінен жалақы алатын мемлекеттік қызметкер. Демек, кез келген азамат оның қызметке не үшін келгенін, не себепті отставкаға кеткенін білуге құқылы.

Президент әкімшілігінің тағы бір осал тұсы – ақпараттық ашықтықтың жоқтығы. Президент қабылдаған шешімдерді түсіндіру кеңесшілер мен көмекшілердің міндеті болса да, олар көп жағдайда үнсіз қалады. Соның салдарынан сын көбіне президенттің жеке басына бағытталады. Егер әрбір салаға жауапты көмекшілер қоғам алдында шығып, өз саласына қатысты сұрақтарға жауап берсе, ел ішінде тарап жүрген түрлі әңгімелер мен күмән сейілер еді.

Президент дипломатиялық мектептен шыққандықтан, маңайына да дипломаттарды жинай бастады. Алайда мансаптық дипломат болу – кез келген салада нәтижелі басшы бола алады деген сөз емес. Әр саланың өз ерекшелігі бар. Соған қарамастан мемлекеттік қызметтің түрлі салаларына дипломаттардың келуі кәсібилікті әлсіретіп отыр.

Тағы бір ескі дәстүр сақталып қалған: қызметінен кеткен шенеунік көп ұзамай басқа бір «жылы орынға» жайғасады. Бұл үрдіс жас кадрлардың өсуіне кедергі келтіреді. Қоғамнан оқшауланбай, өз кәсібі бойынша еңбек етіп, жаңа буынға жол берудің орнына, шенеуніктер бір қызметтен екінші қызметке көшіп отырады. Жаңа Қазақстан талаптары мұндай тәжірибеден бас тартуды қажет етеді.

«Қорытындылай келе, соңғы кадрлық шешімдер президент әкімшілігінің ішкі жұмысына қоғам тарапынан сұрақ көп екенін тағы да дәлелдеді. Жаңа Қазақстан құру үшін ашықтық, кәсібилік және жауапкершілік қағидаттары толық орындалуы тиіс. Әйтпесе, «кадр тұрақсыздығы» ұғымы Жаңа Қазақстанның басты белгісіне айналып кетуі мүмкін», деп жазды ол Abai.kz сайтына жариялаған мақаласында.

Оқылып жатыр

«Идеологиялық мағынасы жоқ, езбе, продюсері мақтаншақ»: Хабар арқылы көрсетілген Келінжан фильмі қатал сынға ұшырады

Кадрлық ауыс-түйістердің астары: Қазақ дипломатиясы тоқырады ма?

Әдейі есірткі тастау әрекеті болуы мүмкін: Алматыда полицей күдіктінің қалтасына есірткі салғаны рас па

Маңғыстау облысында төбелес болып, жасөспірім қаза тапты

Аида Балаева: «Көшбасшы, білімді әйелдер еңбегі – Қазақстан тарихының жаңа белесі»

«Қызық әлі алда»: Джеки Чанның Алматыға келуіне қатысты ақпарат шықты

Соңғы жазбалар

Түркістанда түркі елдерінің қолөнершілер орталығы ашылып, қолөнершілердің халықаралық фестивалі өтті

26 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

26 Қыркүйек, 2025

«Қазақстан Украина сияқты болады»: Қазақтың басты жауларының бірі қайтыс болды

26 Қыркүйек, 2025

Экономикалық өсім ғылымға тікелей байланысты, бұл аксиома — Тоқаев

26 Қыркүйек, 2025

«Идеологиялық мағынасы жоқ, езбе, продюсері мақтаншақ»: Хабар арқылы көрсетілген Келінжан фильмі қатал сынға ұшырады

26 Қыркүйек, 2025

«Президент өз әкімшілігі дағдарысқа ұшырағанын білгендей»: Қосанов Ақордадағы ауыс-түйістерге саяси баға берді

26 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысында Евней Бөкетовтың 100 жылдығы аталып өтті

26 Қыркүйек, 2025

Кадрлық ауыс-түйістердің астары: Қазақ дипломатиясы тоқырады ма?

26 Қыркүйек, 2025

Қарттар күніне орай Астанада ақсақалдар шахмат ойнап жарысты

26 Қыркүйек, 2025

Әдейі есірткі тастау әрекеті болуы мүмкін: Алматыда полицей күдіктінің қалтасына есірткі салғаны рас па

26 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.