Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдап, бірқатар тапсырмаларды жүктеді, деп хабарлайды Todayinfo Ақордаға сілтеме жасай отырып.
Кездесуде Мемлекет басшысы армияның жауынгерлік дайындығын нығайту, басқару жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізу, Арнайы операциялар күштерінің мүмкіндігін кеңейту, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды жаңғырту бойынша нақты міндеттер жүктеді.
Айта кетсек, бүгін бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов лауазымынан босатылып, оның орнына Дәурен Қосанов тағайындалды.