Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті төртінші іріктеу басталады

21 Мамыр, 2025 Абай облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Биыл Президенттік жастар кадр резервіне кезекті төртінші іріктеу өткізу жоспарлануда. Іріктеудің басты ерекшелігі – әрбір бағытқа арнайы квота белгіленіп, үміткерлер тек сол салалық шеңберде іріктелетін болады. Бұл туралы Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарушы Қайрат Сапарғалиев баяндады.

– Бүгінге дейін 2019, 2021 және 2023 жылдары үш іріктеу өткізілді. Аталған іріктеулерге 60 мыңнан астам азамат қатысып, ішінен 400 үміткер резервке қабылданды. Қазіргі таңда қатысушылардың 318-і немесе 80 пайызы мемлекеттік органдар мен түрлі ұйымдарда қызмет атқаруда, – деді спикер.

Іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар өзгеріссіз қалды. Үміткердің жасы 35-тен аспауы, жоғары білімі мен кемінде бес жыл еңбек өтілі болуы тиіс. Сонымен қатар, қазақ тілін B1 деңгейінен төмен емес деңгейде меңгеруі қажет. Президент тағайындаған тұлғалар, саяси қызметшілер, «А» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен қазіргі Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері іріктеуге қатыса алмайды.

– Алты кезеңнен тұратын іріктеу маусым айынан бастап қазан айының соңына дейін жалғасады. Бұл бастама жастар үшін кәсіби және басқарушылық әлеуетін арттыруға зор мүмкіндік беріп отыр. Президенттік жастар кадр резерві – мемлекеттің басқару жүйесіне жаңаша ойлайтын, жауапкершілігі жоғары жас мамандарды тартуға арналған тиімді алаң. Осы арқылы еліміздің мемлекеттік басқару саласына тың серпін беретін жаңа буын қалыптасатынына сенім білдіремін, – деді департамент басшысының міндетін атқарушы.

Атап өтсек, бірінші кезең – 1 маусымнан бастап бір ай ішінде үміткерлердің құжаттарын онлайн режимде қабылдау. Екінші кезеңде – кандидаттардың мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға бағытталған тестілеу өткізіледі. Үшінші кезең – 16–17 тамыз аралығында ситуациялық тапсырмаларды шешу, яғни онлайн эссе жазу арқылы бағалау жүргізіледі. Төртінші кезең – 22 тамыз бен 3 қазан аралығында ассессмент-орталық және кәсіби HR мамандардың қатысуымен өтетін сұхбаттардан тұратын құзыреттерді бағалау кезеңі. Бесінші кезең – 8–15 қазан күндері сарапшылық комиссиямен әңгімелесу. Ал алтыншы кезеңде – Ұлттық комиссияның шешімімен үздік 50 кандидат іріктеліп, қазан айының соңына дейін Президенттік жастар кадр резервіне қабылданатын болады.

Оқылып жатыр

Саржал ауылында жаңа спорт модулі салынып жатыр

Бесқарағай ауданында жүзу бассейнінің құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бородулиха ауданының Михайличенково ауылында өрт сөндіру пункті ашылды

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Шәріптоғайда заманауи емхана ашылды

Көкпекті аудандық ауруханасына күрделі жөндеу жүргізілді

Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

Соңғы жазбалар

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.