Алматыдағы Арбат көшесінде қолына пышақ ұстаған жігіт жұртты шошытты, деп хабарлайды Todayinfo.
Желіге тараған ақпаратқа сай, оқиға 13 қыркүйекке қараған түні болған.
Куәгерлердің айтуынша, ол көшеде ары- бері жүгіріп, қолындағы пышағын бұлғаңдатып, елді қорқытқан.
Оқиға орнына жедел жеткен полиция күдіктіні ұстап, бөлімшеге жеткізді.
Фото: istockphoto.com