Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Қырымбек Көшербаев, Гүлшара Әбдіхалықова»: Ескі Қазақстанның ардагер шенеуніктері тойға жиналды (ВИДЕО)

1 сентября, 2025

«Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті

31 Тамыз, 2025

«Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті

31 Тамыз, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Қырымбек Көшербаев, Гүлшара Әбдіхалықова»: Ескі Қазақстанның ардагер шенеуніктері тойға жиналды (ВИДЕО)
  • «Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті
  • «Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті
  • ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады
  • «Жанқош пен Клараны атып кетем»: елді әлекке салған Әнарудың әкесі ауыр қылмыс жасамақ болған
  • Жанжал жан қиюға жеткізді: Алматы облысында сұлу келіншек өлі күйінде табылды
  • «Кайрат» билеттерге қатысты қазақстандықтарға ресми үндеу жасады
  • Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 сентября
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Қадағалау қиын»: заңгер шизофрениямен ауыратын балаларын жасырған ата-аналарды жазалау керек дейді

«Қадағалау қиын»: заңгер шизофрениямен ауыратын балаларын жасырған ата-аналарды жазалау керек дейді

13 февраля, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мамандар шизофрения дертіне шалдыққан балаларды дер кезінде емдеу маңызды екенін айтады. Ата-аналардың ауруды жасыруы қоғамға қауіп төндіруі мүмкін. Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек дабыл қақты, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.

«Қазақстанда шизофрениямен ауыратын науқастарға жеткілікті көңіл бөлінбей отыр. Әсіресе қазақ қоғамында бұл ауруға қатысты түсінік терең емес. Кейбір ата-аналар балаларындағы психикалық ауытқуларды байқаса да, дәрігерге қаралуға асықпайды. Оның орнына «құс келгенде, құс кеткенде ауырады» деп, үйде бақылап отыруды дұрыс санайды. Алайда бұл — созылмалы және толық жазылмайтын дерт екенін ескеру қажет», — дейді заңгер.

Ауруды дер кезінде емдеу маңызды

«Шизофрениямен ауыратын науқастардың ойлау қабілеті мен қиялы кейде сау адамдардан да ерекше болуы мүмкін. Бірақ бұл дертке шалдыққандардың мінез-құлқы бақылаудан шығып, қауіпті жағдайларға апаруы ықтимал. Дәрігерлер дер кезінде арнайы медициналық бақылау жасалмаса, қоғамға үлкен қауіп туындауы мүмкін екенін ескертеді», — деді Айгүл Орынбек.

Ол резонанс туғызған жағдайлдарды айтып өтті.

«Мен халықпен тығыз жұмыс істейтіндіктен, мұндай диагнозбен талай рет кездескенмін. Алғаш рет осыдан 6-7 жыл бұрын Маржан есімді қыздың оқиғасы қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Қыздың құжаттарын тексеріп, анасы мен дәрігерлермен сөйлесіп, оның ұзақ жылдар бойы ем алғанын анықтаған соң, мамандардың пікіріне сүйеніп, сол мекемеде қалуы дұрыс деген тұжырымға келдім. Бірақ қоғам бұл жағдайды біржақты қабылдап, маған түрлі айып тақты», — дейді сарапшы.

Қоғамның түсінігі өзгеруі тиіс

«Мұндай жағдайлар қоғамда жиі қайталанады. Лифтідегі баланың бетін пышақпен тілгілеген оқиға соның дәлелі. Жақында Қарағандыда тағы бір оқиға тіркелген. Кішкентай бала көршісіне пышақпен шабуыл жасаған. Бала бұған дейін Алматыда үш жыл ем алған, бірақ дәрігерлер оның әлі де қоғамға қауіпті екенін айтып, шығаруға асықпаған. Анасы баласын үйіне алғысы келгенімен, дәрігерлердің шешімі басқаша болды», — деді ол.

Мамандар пікірі — басты бағдар

«Кез келген ана өз баласын ақтап алғысы келеді. Бірақ ақиқат басқаша. Психикалық ауытқуы бар баланы қадағалау қиын. Сондықтан сарапшы мамандардың пікіріне құлақ асқан дұрыс. Бізде шизофренияға шалдыққан балалардың санын азайту үшін ата-аналардың ауруды жасырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу мәселесі қарастырылуы тиіс. Бұл қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды қадам», — дейді маман.

 

 

балалардың психикалық ауруы медициналық бақылау. психикалық ауытқу Шизофрения қоғам қауіпсіздігі

Оқылып жатыр

«Қырымбек Көшербаев, Гүлшара Әбдіхалықова»: Ескі Қазақстанның ардагер шенеуніктері тойға жиналды (ВИДЕО)

«Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті

«Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті

«Жанқош пен Клараны атып кетем»: елді әлекке салған Әнарудың әкесі ауыр қылмыс жасамақ болған

Жанжал жан қиюға жеткізді: Алматы облысында сұлу келіншек өлі күйінде табылды

Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер

Соңғы жазбалар

«Қырымбек Көшербаев, Гүлшара Әбдіхалықова»: Ескі Қазақстанның ардагер шенеуніктері тойға жиналды (ВИДЕО)

1 сентября, 2025

«Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті

31 Тамыз, 2025

«Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті

31 Тамыз, 2025

ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады

31 Тамыз, 2025

«Жанқош пен Клараны атып кетем»: елді әлекке салған Әнарудың әкесі ауыр қылмыс жасамақ болған

31 Тамыз, 2025

Жанжал жан қиюға жеткізді: Алматы облысында сұлу келіншек өлі күйінде табылды

31 Тамыз, 2025

«Кайрат» билеттерге қатысты қазақстандықтарға ресми үндеу жасады

31 Тамыз, 2025

Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер

31 Тамыз, 2025

Түркістан – Ұлы Даланың Рухани Жүрегі

31 Тамыз, 2025

«Тыр жалаңаш ояндым, ұл балаларды іздейді»: Атырауда мұғалім мектеп директорының гей болып шыққанын мәлімдеді

31 Тамыз, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.