Алматы әуежайында пышақ ұстаған ер адамды қарусыздандырып, қызды құтқарған Мұса Әбдірайым өзін қойылым кейіпкері деп айыптағандарға жауап берді, деп хабарлайды Todayinfo.
«Бірі батыр десе, енді бірі бұл қойылым дейді. Қайдағы кино?! Мұндайды түсіру мүмкін емес, бұл ақылға қонбайды!» – деп ашынды ол ZTB-ға берген сұхбатында.
Қоғамда оның әрекеті қызу талқыланып жатқанымен, өзі ең бастысы – қыздың аман қалғанына шүкіршілік ететінін айтты.
«Президенттің марапаты, халықтың қолдауы – бәрі қуантады. Бірақ мен үшін ең маңыздысы – адам өмірін құтқару болды», – дейді Мұса Әбдірайым.