Белгілі әнші Қайрат Нұртас кезекті концертінің бірінде тыңдармандарымен еркін әрі шынайы байланыс орнатып, залдан бойжеткендерді іздеген сәтін бейнежазбаға түсіріп, оны әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.
«Қыздар қайда, қыздар?» – деп әнші сахнадан залға көз жүгіртті. Бұл сәт концертке келген жанкүйерлердің көңілін көтеріп, көрермендер арасында ерекше әсер қалдырды.
Видеоны көрген интернет қолданушыларының басым бөлігі Қайрат Нұртастың қарапайымдылығына, тыңдарманға деген ашық көңіліне ризашылық білдірді.
Олар пікірлерінде былай деп жазды:
– «Семейдегі концертіңіз жақсы өтті»
– «Қайрат өте қарапайым. Суретке түсем дегендердің бәрімен өзі түсіп, ешкімнің көңілін қалдырмады»
– «Өзіме осы әнші ұнайды. Әндері керемет»
Жанкүйерлердің бұл пікірлері әншінің көпшілікпен тығыз байланыста екенін және тыңдарманның көңілінен шығуға тырысатынын көрсетеді.