Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

«Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды

24 Мамыр, 2025

Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген

24 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды
  • Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді
  • Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген
  • Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты
  • Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған
  • 12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды
  • Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті
  • Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 25 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Қайрат Сатыбалдыұлының ісіне қатысты қосымша 44,6 млрд теңге қайтарылды

Қайрат Сатыбалдыұлының ісіне қатысты қосымша 44,6 млрд теңге қайтарылды

8 февраля, 2024 Саясат
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Антикор төрағасы Асхат Жұмағали ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған тапсырмаларын іске асыру бойынша құрылымдық және аумақтық департамент басшыларымен жедел кеңес өткізді, деп хабарлады Todayinfo агенттігі. 

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекетке 2024 жылдың басынан бастап қосымша 44,6 млрд теңге қайтарылды. Қазір қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебінен республикалық бюджетке жіберілді.

Сонымен қатар, президент экономикаға жаңа серпін беру үшін кәсіпкерлермен және инвесторлармен толыққанды серіктестік құру қажеттігіне назар аударды. Бір жыл бұрын Антикормен бизнесті қорғау жұмысы аясында «Бизнеске жол» жобасы іске қосылды. Ол жергілікті жерлерде кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін жүйелі әкімшілік кедергілерді жоюға арналған. Жоба іске қосылған сәттен бастап 600-ден астам проблемалық кейс шешіліп, 30 мыңға жуық кәсіпкерге көмек көрсетілді.

Сондай-ақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде жемқорлық әлі де экономиканың дамуын тежейтін факторлардың бірі болып қала беретінін атап өтті. Бұл бағытта цифрлық технологияларды, оның ішінде «ақшаны бояу» және «цифрлық теңгені қолдану» тетіктерін одан әрі енгізу маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде агенттік Қаржы министрлігімен және Ұлттық банкпен бірлесіп, осы құралдарды енгізуді жалғастырады.

Қазір «ақшаны бояуды» пилоттық енгізу үшін автожолдар салу, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қаражатын пайдалану салалары айқындалған. Антикор басшысының айтуынша, президент тапсырмасына сәйкес, бұл процесс нысандардың құрылыс саласына да таралатын болады.

«Бюджеттен бөлінген қаржы түпкі мақсатына жетуі керек. Біздің сүйемелдеуіміздегі құрылыстары ұзаққа созылған нысандардың уақтылы берілмей, сапасыз салынуы көбіне ақшаны жымқыру немесе шенеуніктерге одан әрі кері қайтару салдарымен байланысты екенін бәріміз білеміз. Цифрлық теңге құрал ретінде «ақшаны бояу» институтын іске асыруға септігін тигізеді. Цифрлық теңгенің алгоритмдері болғандықтан, өзінің іздері бар. Мысалы, қаражат жалақыға бөлінсе, басқа бағытқа кетпей, еңбекақы, тауарлар мен қызметтерді сатып алу және салық төлеу бойынша игеріледі. Бөлінген қаржы қозғалысының рәсімдері ашық болып, барлық аударым өз мақсатына жетіп, әр теңге көзделген мақсатына жұмсалуға тиіс», – деді Асхат Жұмағали.

 

 

ісіне млрд Сатыбалдыұлының теңге Қайрат қайтарылды қатысты қосымша

Оқылып жатыр

Дархан Сатыбалды Алматының әкімі болып тағайындалды

Алматы әкімсіз қалды: Президент ақыры Ерболат Досаевты қызметінен босатты

Қасым-Жомарт Тоқаевтың көшбасшылығы: тұрақтылық пен реформалар жолы

Мұхтар Мағауин: Кенесары жеңісі болмаса, Түркістан-Таразда өзбек, Қордай-Меркіде қырғыз отыратын еді

49 жылда салық пен кедендік төлем төлемейді: Қазақстаннан билігі Алматыда 7 гектар жерді шетелдіктерге жалға беретін болды

Басқыншы Американы жеңгендеріне 50 жыл: Вьетнам басшысының Қазақстанға не үшін келгені белгілі болды

Соңғы жазбалар

«Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды

24 Мамыр, 2025

Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген

24 Мамыр, 2025

Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

24 Мамыр, 2025

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

24 Мамыр, 2025

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды

24 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.