Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың тыңдармандарына алғыс айтып, оның табысқа жету жолындағы еңбегін бағалады, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
«Жан балам. Өзі от. Орал қаласындағы ән кешінен видео келді. Халықтың осыншалықты махаббатына бөлену – инемен құдық қазғандай. Қара тер еңбекпен келді. 8 жасынан бастап, қолынан ұстап ешкімді тыңдамай сүйрелеп едім. Әрбір қиындығы мен қызығында түгел басы қасында болдым. Сахна сыртындағы дайындығына туған анасы әрі продюсері, мән беріп қарайтын мен болдым. Ал көрермен әрі жанкүйер, тыңдаушылары, мінекей, бағалайтын, сағынатын, түсінетін жандар жоқ емес екен. Аллаға сансыз шүкірлер» – деп жазды продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында.
Продюсер Қайрат Нұртастың тыңдармандарына ризашылығын білдіріп, оның сахнадағы жетістігі маңдай тер мен үздіксіз еңбектің нәтижесі екенін атап өтті.