Фото: видео скриншот
“Қайрат” футбол клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға бір азамат қажылыққа жолдама сыйға тартты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерде “Қайрат” футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға Умра қажылығына жолдама сыйланған сәттің видеосы кеңінен тарауда.
Белгілі болғандай, Алматы қаласындағы тойлардың бірінде Шерхан Қалмұрза мен анасы қонақ ретінде қатысқан. Сол кеште жас спортшыға қасиетті Меккеге Умра қажылығына арналған арнайы сертификат табысталды.