«Қайрат» футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтбаев жарақатына байланысты қосымша медициналық тексеруден өту үшін шетелге жіберілді, деп хабарлайды Todayinfo.
Клубтың ресми мәліметінше, футболшы дәрігерлердің кеңесіне сәйкес Қатардың астанасы Дохаға жол тартқан.
«Бүгін түнде Дастан Сәтбаев дәрігерлердің ұсынысы бойынша қосымша қаралуға Дохаға аттанады», – делінген «Қайрат» клубының хабарламасында.
Фото: Instagram/f.c.kairat