Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Дархан Сатыбалды проверил архитектурно-декоративное освещение города

1 Қараша, 2025

Қостанайдағы арнайы операция: Такси қызметін жамылған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

1 Қараша, 2025

Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді

1 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Дархан Сатыбалды проверил архитектурно-декоративное освещение города
  • Қостанайдағы арнайы операция: Такси қызметін жамылған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды
  • Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді
  • Атыраудағы қайғылы оқиға: Шенеунік өзін-өзі атып өлтірді
  • Абай облысында агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдарды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
  • «Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді
  • Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды
  • Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сенбі, 1 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Қайыңды жолын жөндеуге 2,4 миллиард теңге бөлінді — Марат Сұлтанғазиев

Қайыңды жолын жөндеуге 2,4 миллиард теңге бөлінді — Марат Сұлтанғазиев

18 Шілде, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Президенттің туристік аймақтардың жағдайын сынға алуынан кейін өңір әкімдері инфрақұрылымға ерекше назар аудара бастады. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қайынды көліне апаратын жол мәселесі туралы айтып, нақты сомаларды атады, деп хабарлайды Todayinfo.

2,4 миллиард теңгеге жөнделетін жол

Әкімнің айтуынша, Қайынды көліне апаратын ұзындығы 12 шақырымдық жолдың күрделі жөндеу мәселесі бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Бұл жолды жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттар бұған дейін дайындалғанымен, бюджет тапшылығына байланысты жоба бірнеше рет кейінге шегерілген. Нәтижесінде құжаттар ескіріп, қазіргі талаптарға сәйкес келмей қалған.

2025 жылы жобалық-сметалық құжаттама қайта түзетіліп, құрылыс жұмыстарының жалпы құны 2,4 миллиард теңге көлемінде белгіленді. Оның ішінде 2025 жылға 1,5 миллиард теңге көлемінде қаржы қарастырылған.

«14 шілде күні конкурс жарияланды. Егер мердігер компания сәтті анықталса, құрылыс-монтаж жұмыстары тамыз айында басталады», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Капшагай жағажайларындағы қауіпсіздік мәселесі де назарда

Сонымен қатар әкім Капшагайдағы жағажайлардағы жағдай туралы да пікір білдірді. Жақында болған қайғылы оқиғадан кейін, яғни бір әйелдің суға кетуінен соң, аймақтағы жағажайлардың қауіпсіздігіне қатысты шаралар күшейтілген.

Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта көптеген жағажайлар жеке меншікке берілгенімен, оларда құтқарушылар, қажетті құрал-жабдықтар және қауіпсіздік талаптары сақталмаған.

«Оқиға болған жердегі жер телімі белгілі мерзімге жалға берілген. Қазіргі таңда оның заңдылығы тексеріліп жатыр. Нәтижесіне байланысты тиісті шаралар қабылданады. Капшагай су қоймасындағы жағалау аймақтарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету – жүйелі түрде шешуді талап ететін мәселе», – деп атап өтті ол.

Алматы облысының Жер ресурстарын басқару басқармасына су қорғау аймағында орналасқан, жалпы көлемі 48 гектардан асатын 18 жер учаскесі бойынша материалдар жолданған. Нәтижесінде 31 гектарды қамтитын 12 учаске бойынша заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беріліп, қосымша тексеріс жүргізілуде.

Қонаев қаласындағы жағажай инфрақұрылымы

Бүгінде Қонаев қаласының аумағында 140-тан астам демалыс орны мен 8 коммуналдық жағажай жұмыс істейді. Алайда, жерді жалға алған 43 кәсіпкер не жағдажайды реттеп,инвестиция салмай, не инвесторларға бермей, туристік аумақтың дамуына кедергі келтіріп келеді.

Оқылып жатыр

Бизнес пен билік арасындағы ашық диалог: Алматы облысында кәсіпкерлермен кездесу өтті

Алматы облысында ауқымды инфрақұрылымдық жаңғырту жүріп жатыр

Марат Сұлтанғазиев Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарындағы стратегиялық нысандардың құрылыс барысын тексерді

Балқаш ауданы диқандары биыл 7 мың гектардан астам жерге күріш еккен

Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады

Алматы облысында мемлекеттік наградалар тапсырылды

Соңғы жазбалар

Дархан Сатыбалды проверил архитектурно-декоративное освещение города

1 Қараша, 2025

Қостанайдағы арнайы операция: Такси қызметін жамылған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

1 Қараша, 2025

Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді

1 Қараша, 2025

Атыраудағы қайғылы оқиға: Шенеунік өзін-өзі атып өлтірді

1 Қараша, 2025

Абай облысында агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдарды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

1 Қараша, 2025

«Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді

1 Қараша, 2025

Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды

31 Қазан, 2025

Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда

31 Қазан, 2025

«Түнде балама, күндіз анама қарап…»: Айнұр Тұрсынбаева ештеңеге үлгермей жүргенін айтты

31 Қазан, 2025

Отбасындағы ойран: Енесін өлтірген келін етінен манты жасап, оны көршілеріне таратқан

31 Қазан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.