Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған Бердах Бекетовке қатысты сот үкімі жарияланды, деп Тodayinfo ақпараттық порталы.
Бердах Бекетов Қаңтар оқиғасы кезінде «жаппай тәртіпсіздік жасады» деп айыпталған. Оны полиция 2022 жылғы 22 қаңтарда көшеден ұстап, тергеу изоляторына қамаған. Айыптау бойынша, ол «жаппай тәртіпсіздікке қатысты» деген баппен тергелген.
Тергеу изоляторында отырған кезінде Бердах Бекетов үш рет хат жазды.
- 25 қаңтардағы хатында ол прокурорлардың оның сөздерін тыңдамайтынын және азаптауға ұшырағанын айтып, көпшіліктен көмек сұрады.
- 2 наурыздағы хатында ол өзінің кінәсіз екенін мәлімдеп, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша болуын өтінді.