Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • «Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қанат Бозымбаев Алатау ауданын дамыту мәселелері бойынша Жобалау кеңсесінің отырысын өткізді және кәсіпкерлермен кездесті

16 февраля, 2025 Саясат
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: gov.kz

Бүгінгі таңда Алатауда туризм, логистика, өнеркәсіп, білім беру және бизнес салаларында 11 жоба әзірленуде. Қала аумағында ірі инвестициялық жобалар жоспарланған және оларды орналастыру бойынша алдын ала келісімдер инженерлік құрылыстар мен қорғаныс аймақтарын ескере отырып жасалған. Санитарлық аймақтарға, өндірістік алаңдарды тиімді пайдалануға және қоршаған ортаға әсер етуіне байланысты қаланың аумағын жоспарлауда түзетулер енгізу қарастырылған. Осыған байланысты, Вице-премьер бизнес өкілдерімен, жобалау институттарымен кездесіп, қаланың Бас жоспарына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды тыңдады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы gov.kz-ке сілтеме жасап.

«Жаңа Алатау қаласын салу ыңғайлы, қауіпсіз, технологиялық тұрғыда дамыған және экологиялық таза болуы керек. Алатау заманауи урбанистік орталықтың үлгісі бола алады. Қала құрылысының халықаралық стандарттарға негізделген заманауи болуын қамтамасыз ету қажет. Бір ай ішінде инвесторлармен жасалған келісімдерге сәйкес қала аумағында инвестициялық жобаларды орналастыру мәселелерін қайта қарауды тапсырдым. Барлық профильді министрліктер процесті жеделдетіп, мамыр айына дейін бас жоспарға өзгерістер енгізсін», — деді Қанат Бозымбаев.

Одан кейін Алатауда Жоба кеңсесінің отырысы өтті, оған ұлттық экономика, әділет, ауыл шаруашылығы, көлік, құрылыс және инфрақұрылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлері қатысты. Қатысушылар EPC шарттары мен құрылысты салуға кететін қаржыландыру құралдарын қолдану механизмдерін енгізу жұмыстары туралы есеп берді. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, сондай-ақ әуе таксиі үшін эксперименттік орта мен алаңды белгілеу мәселелері қарастырылды.

Қаланы тартымды етіп жасау және кадрлық әлеуетті нығайту мақсатында Алатау қаласы мамандары үшін ипотекалық кредит беру лимитін ұлғайту ұсынылды.
Еске сала кетейік, 2024 жылдан бастап Алматы облысының әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ бірлесіп 35 жасқа дейінгі жастар үшін «Алматы Жастары» жеңілдетілген ипотекалық кредит беру бағдарламасын іске қосты. Бұл бағдарламаға өткен жылы жергілікті бюджеттен 500 млн теңге бөлініп, тағы 500 млн теңге банк тарапынан қаржыландырылды. Бұл 55 отбасының тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта 38 үміткер өз пәтерлерінің кілттерін алды.
Өткен жобалау кеңсесінің қорытындысы бойынша Қанат Бозымбаев мемлекеттік органдарға атқарылатын жұмыстың көлемі туралы ескертіп, министрліктер мен әкімдіктердің лауазымды тұлғаларының тапсырмаларды уақытында орындамауына жеке жауапкершілік жүктейтінін еске салды.

Алатау ауданы Қанат Бозымбаев

Оқылып жатыр

Тағы бір елдің президенті жастар көтерілісінен кейін елден қашып кетті

Путин Әлиевке AZAL ұшақ апатына кінәсін мойындады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамптың АҚШ-тағы кездесуінің фотосуреті жарияланды

Билік үні қалай өзгерді: Назарбаевтан Тоқаевқа дейінгі саяси дискурстың трансформациясы

Саяси күштер өзгеріске дайын ба: Елдегі 7 партия жарғысындағы идеологиялық бағыттарға шолу

Қазақстан — Ресей мен Украина арасындағы соғыста делдал емес: Тоқаевтың мәлімде жасады

Соңғы жазбалар

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.