Фото: kursiv.media
Алматы гарнизоны әскери сотында жабық сот отырысында ҚК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы бойынша айыпталушы Айтжан Әубәкіровке қатысты қылмыстық іс қаралды (ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қаруды қолдана отырып, билікті асыра пайдалану), деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
49 жастағы Ерлан Жағыпаров — тарихи мұраларды зерттеумен айналысқан белгілі ерікті, «Петроглиф іздеушілер» қоғамының мүшесі. Қаңтар оқиғасы кезінде ол Республика алаңында калашник автоматынан тура атылған оқтан қаза тапты.
Сотпен анықталғаны
Сотталушы биліктің өкілі бола отырып, өзінің құқықтары мен өкілеттіктерінен тыс әрекеттер жасады.
Нәтижесінде ауыр зардаптар — екі жәбірленушінің өліміне алып келді.
Сотталушының кінәсі сараптамалардың қорытындыларымен, куәлардың, сарапшылардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарап тексеру хаттамаларымен және заттай дәлелдемелермен дәлелденді.
Тараптардың позициясы
Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сотталушы кінәсін мойындамады.
Жәбірленушілердің өкілдері сотталушыны заңның бар қатаңдығы бойынша жазалауды сұрады.
Сот шешімі
ҚК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармағының санкциясы 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Сотталушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ол әскери атағынан айырылды.
Жәбірленушінің пайдасына 20 млн. теңге моральдық залал өндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген