Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақтарға тіл тигізген Тигран Кеосаян қайтыс болды

26 Қыркүйек, 2025

Экономикалық өсім ғылымға тікелей байланысты, бұл аксиома — Тоқаев

26 Қыркүйек, 2025

«Идеологиялық мағынасы жоқ, езбе, продюсері мақтаншақ»: Хабар арқылы көрсетілген Келінжан фильмі қатал сынға ұшырады

26 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақтарға тіл тигізген Тигран Кеосаян қайтыс болды
  • Экономикалық өсім ғылымға тікелей байланысты, бұл аксиома — Тоқаев
  • «Идеологиялық мағынасы жоқ, езбе, продюсері мақтаншақ»: Хабар арқылы көрсетілген Келінжан фильмі қатал сынға ұшырады
  • «Президент өз әкімшілігі дағдарысқа ұшырағанын білгендей»: Қосанов Ақордадағы ауыс-түйістерге саяси баға берді
  • Қарағанды облысында Евней Бөкетовтың 100 жылдығы аталып өтті
  • Кадрлық ауыс-түйістердің астары: Қазақ дипломатиясы тоқырады ма?
  • Қарттар күніне орай Астанада ақсақалдар шахмат ойнап жарысты
  • Әдейі есірткі тастау әрекеті болуы мүмкін: Алматыда полицей күдіктінің қалтасына есірткі салғаны рас па
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 26 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қарағанды облысында Евней Бөкетовтың 100 жылдығы аталып өтті

26 Қыркүйек, 2025 Қарағанды облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қарағанды облысында көрнекті ғалым, академик Евней Арыстанұлы Бөкетовтың 100 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді. Евней Бөкетов есімі берілген Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің базасында «Е. А. Бөкетовтің ғылыми көкжиектері» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Форумға алдыңғы қатарлы ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен шетелдік қонақтар қатысып, Евней Бөкетов тұлғасының және оның еңбегінің халықаралық маңыздылығын атап өтті.

Жыл бойы Евней Арыстанұлының 100 жылдығына арналған түрлі шаралар ұйымдастырылды. Соның ішінде АҚШ-тағы Джордж Вашингтон университетінде өткен Бөкетов күні ерекше орын алды. Ал Қарағандыдағы конференция осы ауқымды бағдарламаға қорытынды болды.

Конференция басталар алдында облыс әкімі мен қонақтар академик Бөкетовтың ескерткішіне гүл шоктарын қойды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын конференция қатысушыларына Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жеткізді. Президент форумның ашылуымен құттықтап, Евней Бөкетовтың 100 жылдығына арналған халықаралық жиында ғалымның есімін мәңгі есте қалдыруға және оның бай мұрасын сақтауға қатысты мазмұнды ойлар мен ұсыныстар айтылатынына сенім білдірді.

– Осы оқу орнының түлегі ретінде мұндай маңызды шараға қатысып отырғаныма қуаныштымын. Шын мәнінде ауқымды ойлайтын тұлға негізін қалаған университеттің болашаққа сеніммен қарайтынын көру – ерекше сезім. Бұл мұраны сақтап, дамытуға атсалысыңыздар. Білімге деген құштарлықтарыңыз сарқылмасын, әрқашан жандарыңыздан қолдау көрсетіп, шабыт беретін жандар табылсын! – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Форум жұмысына Сенат пен Мәжіліс депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары мен ректорлары, сондай-ақ шетелдік қонақтар қатысты.

Ғалымның қызы Ақсұлу Бөкетова әкесін еске алып, естеліктерімен бөлісті:

– Евней Арыстанұлы Химия-металлургия институтын басқарған кезде жанынан бір топ үзеңгілестерін жинады. Оның көптеген шәкірттері ұзақ ғұмыр кешіп, ғылыми әлеуетін арттырды, бірақ бәрі оны ұмытпай, құрметпен еске алады. Таңғаларлығы, ол 1972 жылы таңдаған кадрлар әлі күнге дейін осы жерде еңбек етуде. Әкем тек ғалым ғана емес, мейірімді әке де болды. Өмірдің ең күрделі сәттерінде де әзіл-қалжыңынан айныған емес, – деді Ақсұлу Бөкетова. – Бүгінгі конференцияның әрбір қатысушысы өз идеяларын дамыту үшін қуатты серпін алсын деп тілеймін.

Конференция барысында академик туралы көптеген жылы сөздер айтылды.

– Ата-бабамыз әрдайым білім мен ғылым – қоғамның қозғаушы күші деп санаған. Осындай із қалдырған тұлға құрметке лайық. Оның ғылыми жаңалықтары мен өмірлік ұстанымы жастарды тәрбиелеуде, әсіресе есімі берілген университет студенттері үшін, үлкен үлгі болып қала бермек, – деді Мәжіліс депутаты Құдайберген Бексұлтанов.

Пленарлық отырыста Евней Бөкетовтың жеті томдық шығармалар жинағы мен естелік мерейтойлық монета таныстырылды.

Конференцияда үш бағыт бойынша ғылыми баяндамалар оқылды: химия, металлургия және технология саласындағы зерттеулер; әдеби-публицистикалық мұра; Бөкетовтың гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардағы қоғам қайраткері ретіндегі рөлі.

Евней Арыстанұлы Бөкетов тарихта металлург-ғалым, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қарағанды мемлекеттік университетінің тұңғыш ректоры, жазушы және аудармашы ретінде қалды. Оның есімі университетке ғана емес, елді мекендердегі көшелерге де берілген. Ғалымның бай ғылыми және мәдени мұрасы бүгінгі ғылым мен қоғамға әлі де зор ықпал етіп келеді.

Оқылып жатыр

Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды

400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті

Кітап оқып, миллион ұтып ал! 

120 инвестициялық жоба: Қарағанды облысы өнеркәсіптік әлеуетін арттыруда

Қарағанды облысы транзиттік әлеуетін қалай арттыруда

«Таза Қазақстан»: Абай ауданында жүзден астам оқушыны экоквест біріктірді

Соңғы жазбалар

Қазақтарға тіл тигізген Тигран Кеосаян қайтыс болды

26 Қыркүйек, 2025

Экономикалық өсім ғылымға тікелей байланысты, бұл аксиома — Тоқаев

26 Қыркүйек, 2025

«Идеологиялық мағынасы жоқ, езбе, продюсері мақтаншақ»: Хабар арқылы көрсетілген Келінжан фильмі қатал сынға ұшырады

26 Қыркүйек, 2025

«Президент өз әкімшілігі дағдарысқа ұшырағанын білгендей»: Қосанов Ақордадағы ауыс-түйістерге саяси баға берді

26 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысында Евней Бөкетовтың 100 жылдығы аталып өтті

26 Қыркүйек, 2025

Кадрлық ауыс-түйістердің астары: Қазақ дипломатиясы тоқырады ма?

26 Қыркүйек, 2025

Қарттар күніне орай Астанада ақсақалдар шахмат ойнап жарысты

26 Қыркүйек, 2025

Әдейі есірткі тастау әрекеті болуы мүмкін: Алматыда полицей күдіктінің қалтасына есірткі салғаны рас па

26 Қыркүйек, 2025

Маңғыстау облысында төбелес болып, жасөспірім қаза тапты

26 Қыркүйек, 2025

Аида Балаева: «Көшбасшы, білімді әйелдер еңбегі – Қазақстан тарихының жаңа белесі»

26 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.