Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Мәжілістен күйеуін, мәслихаттан қатынын босатыңдар»: Айгүл Орынбек журналистерге араша түсті

2 Қараша, 2025

Астана көшесінде мас судья ұсталды

2 Қараша, 2025

«Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады

2 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Мәжілістен күйеуін, мәслихаттан қатынын босатыңдар»: Айгүл Орынбек журналистерге араша түсті
  • Астана көшесінде мас судья ұсталды
  • «Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады
  • Пойызда 10 адамды пышақтап кетті: сұмдық оқиғаға қатысты екі күдікті ұсталды
  • Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп жатыр
  • «Бұрын бір театрда бірге болған»: Перизат Қайрат пен Саят Медеуовтің құшақтасқан суреті тарады
  • «Күйеуі көзіне шөп салған әйелдер түнімен ұйықтамады»: Дана Нұржігіт Тұрсынбек Қабатов туралы пікір білдірді
  • «Тауым шағылды, ей ақырет әкеме қайырлы бол»: Жігіттер тобының әншісі қайғылы қазаға тап болды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 2 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Қарағанды облысында көктемгі егіс науқаны басталды: 342 мың гектар жер игеріледі

Қарағанды облысында көктемгі егіс науқаны басталды: 342 мың гектар жер игеріледі

14 Мамыр, 2025 Қарағанды облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қарағанды облысының Нұра ауданында көктемгі егіс науқаны қызу жүріп жатыр. Биыл аудан аграршылары 342 мың гектар алқапқа дән сеуіп, былтырғы көрсеткіштен 18 мың гектарға артық егістік жерді игермек, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру аясында майлы және мал азығына арналған дақылдардың үлесі артып келеді. Сонымен қатар, Нұра ауданында суармалы егіншілікті дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр – бұл өнімділікті арттырудың негізгі тетігі болмақ.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың жұмыс сапары барысында ауданның ауыл шаруашылық әлеуеті мен инфрақұрылымдық мәселелері назарға алынды. Әкім бірқатар ірі және орта шаруашылықтарды аралап, аграршылардың көктемгі дала жұмыстарына дайындығымен танысты.

Мәселен, Кенжарық ауылдық округіндегі «Отқанжар» ЖШС — қазақтың құйрықты қой тұқымын өсіріп отырған мал шаруашылығына маманданған серіктестік. Ал «Байтуған» қожалығы ауыл тұрғындарын жемшөппен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істеуде.

Кездесулер барысында әкім мемлекеттік қолдау, субсидиялар, жеңілдетілген несие беру тетіктері және жас фермерлерге көрсетілетін көмек жайында пікір алмасты. Сонымен қатар, өңірде асыл тұқымды мал көрмесі де ұйымдастырылды. Бұл фермерлер арасында тәжірибе алмасуға, жаңа тұқымдарды таныстыруға мүмкіндік берді.

«Бүгін біз Нұра ауданындағы көктемгі егіс науқанымен танысып, фермерлердің жоспарларын талқыладық. Егістік көлемі 18 мың гектарға ұлғайтылған. Суармалы жерлерді көбейту көзделіп отыр. Жас фермерлермен де сөйлестік, олардың келешегінен үміт зор. Оларды қолдауға дайынбыз», — деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Аграрлық мәселелермен қатар, әкім өңірдегі өзекті инфрақұрылымдық проблемаларды да назардан тыс қалдырмады. Атап айтқанда, жергілікті тұрғындар көп жылдан бері көтеріп жүрген Жараспай – Нұра бағытындағы жолды жөндеу мәселесі күн тәртібінде тұр. Биыл бұл бағыттағы Жараспай – Құланөтпес учаскесінде құрылыс жұмыстары басталмақ. Қазір жобалық-сметалық құжаттама сараптамадан өтіп жатыр.

Сапар барысында облыс әкімі республикалық маңызы бар Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау автожолының Көбетей ауылына қарайтын бөлігін де аралап көрді. «ҚазАвтоЖол» компаниясының өкілдері жол жөндеу жұмыстарының барысы туралы баяндама жасады. Жақын күндері ресайклинг әдісімен жолдың негізі жаңартылып, кейін асфальттау басталады. Жоба биыл толық аяқталады деп жоспарланған.

«Жол сапасын қамтамасыз ету – басты міндет. Ол үшін әр кезеңді қатаң бақылап, уақытылы орындалуын қамтамасыз ету қажет»,- деді облыс басшысы.

Оқылып жатыр

Қарағандыда «Тұлпар мініп, ту алған» байқауына дем берген меморандумға қол қойылды

Қарағанды облысында жаңа үлгідегі тағы бір мектеп ашылды

Цифрландыру және халықпен диалог – Президент кеңесшісі Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық сенбілігі: Қарағанды облысында 10 мың түп ағаш егілді

Шахтинскіде «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан оқушылар мен еріктілер 200 тал көшетін отырғызды

Қарызсыз өмір: Қарағанды облысында тұрғындарға несие тұзағынан шығуға қолдау көрсетілуде

Соңғы жазбалар

«Мәжілістен күйеуін, мәслихаттан қатынын босатыңдар»: Айгүл Орынбек журналистерге араша түсті

2 Қараша, 2025

Астана көшесінде мас судья ұсталды

2 Қараша, 2025

«Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады

2 Қараша, 2025

Пойызда 10 адамды пышақтап кетті: сұмдық оқиғаға қатысты екі күдікті ұсталды

2 Қараша, 2025

Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп жатыр

2 Қараша, 2025

«Бұрын бір театрда бірге болған»: Перизат Қайрат пен Саят Медеуовтің құшақтасқан суреті тарады

2 Қараша, 2025

«Күйеуі көзіне шөп салған әйелдер түнімен ұйықтамады»: Дана Нұржігіт Тұрсынбек Қабатов туралы пікір білдірді

2 Қараша, 2025

«Тауым шағылды, ей ақырет әкеме қайырлы бол»: Жігіттер тобының әншісі қайғылы қазаға тап болды

2 Қараша, 2025

«Көшедегі әркімнің бір тряпкасысың»: Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің хаттарын көрген жұрт жағасын ұстады

2 Қараша, 2025

«Қымбат тон, бриллиант бәрі соның үстінде»: Мөлдір Мұқанова тоқалымен кеткен Тұрсынбекті сағынғанын айтты

2 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.