Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

24 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды
  • Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті
  • Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды
  • Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған
  • Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды
  • Дархан Сатыбалды Алматының әкімі болып тағайындалды
  • Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді
  • 16 млн теңге: Бишімбаевтың әке-шешесі туыстарымен соттасып, өтемақы өндіріп алды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 24 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Қарағандыда 6 жетімді асыраған отбасы оларды аяусыз құлдыққа жеккен

Қарағандыда 6 жетімді асыраған отбасы оларды аяусыз құлдыққа жеккен

25 апреля, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында жетім балаларды асырап алып, оларға адам төзгісіз жағдай жасады деген күдікпен бір отбасы сотқа тартылып жатыр,деп хабарлайды Todayinfo.

Тергеу деректеріне сүйенсек, күдіктілер жетімдер үйінен асырап алынған алты баланы жүйелі түрде ұрып-соғып, дұрыс тамақтандырмай, ауыр жұмыстарға жеккен.

2018 жылы отбасы балалар үйінің отбасылық үлгісін ашып, жеті жасқа дейінгі балаларды асырап алған. Алайда оларға қамқорлық көрсету орнына, күдіктілер балаларды мал бағуға, қора-қопсыны тазалауға мәжбүрлеген. Тіпті кейбір жағдайларда ботқаға малдың тезегін араластырғаны, балалардың иттің үйшігінде түнегені туралы шындық прокурор тарапынан жария етілді.

Сараптамалар балалардың денесінен 19-дан 47-ге дейін жарақат іздерін анықтаған. Ең жас баланың басынан ауыр жарақат алғаны хабарланды. Балалардың бірі мүгедек болып қалған.

Прокурор Әділ Садықовтың айтуынша, балаларға күн сайын қол жұмсалып отырған. Кішкентай себептер үшін қамшымен сабап, көсеумен ұрған. Жеткіншектер дұрыс тамақтанбағандықтан, физикалық дамуы қатарластарынан артта қалған. Қора-қопсыда ауыр еңбекке мәжбүр болған.

Тәрбиеленушілерге ай сайын 300 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы төленіп отырғанымен, ауданның қорғаныш бөлімінің тарапынан қандай да бір бақылау болмаған. Қазіргі таңда балалардың үшеуі туған әжесінің қамқорлығына берілді, қалған үшеуі балалар үйіне қайтарылып, қауіпсіз ортаға орналастырылды.

Отбасының үш мүшесіне «Азаптау» бабы бойынша айып тағылып, сот процесі басталды. Бұл іс қоғамда балалардың құқығын қорғауға қатысты жауапкершіліктің әлсіздігін көрсетті.

 

 

Оқылып жатыр

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

Алматы әкімсіз қалды: Президент ақыры Ерболат Досаевты қызметінен босатты

«Африкада алмаз өндіреді»: Boxy Wealth-қа алданған мұғалімдер тек соңғы үш күнде 600 млн теңге аударған  

Алматы әкімі Ерболат Досаев еттең қызметінен кетуі мүмкін

Назым бар: Дана Нұржігіт Халық артисі атағы нағыз иесін таппағанын айтты

«Мұғалімдердің сорына келген министр»: журналистің сұрағынан соң Ғани Бейсембаев сынның астына қалды

Соңғы жазбалар

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

24 Мамыр, 2025

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалды Алматының әкімі болып тағайындалды

24 Мамыр, 2025

Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді

24 Мамыр, 2025

16 млн теңге: Бишімбаевтың әке-шешесі туыстарымен соттасып, өтемақы өндіріп алды

24 Мамыр, 2025

«N1 продюсер екенін дүйім жұрт мойындады»: Қарақат Әбділдина зейнет жасына жақындаған күйеуін айтып мақтанды (ВИДЕО)

24 Мамыр, 2025

Соңғы үш жылда Алматыда жан басына шаққандағы ЖӨӨ 56,6%-ға өсті

24 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.