Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты
  • В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq
  • «Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды
  • Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды
  • Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті
  • Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды
  • Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр
  • Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 2 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Қарағандыда 67 шақырым жаңа су құбыры салынады

Қарағандыда 67 шақырым жаңа су құбыры салынады

27 Мамыр, 2025 Қарағанды облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жыл соңына дейін Қарағанды қаласының барлық аудандары, оның ішінде жеке сектор да, орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Todayinfo Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта қала бойынша 21 жоба жүзеге асырылып жатыр. Солардың бірі — Жаңа Тихоновка ықшам ауданы, мұнда су құбыры желілерінің құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Бұған дейін бұл аудандағы тұрғындар құдық суын пайдаланған. Жобаның нәтижесінде әр үйге су тарту көзделіп отыр. Атап айтқанда, диаметрі 63-160 мм болатын 22 шақырым магистральдық құбыр және диаметрі 25 мм болатын 32 шақырым таратушы желі төселеді.

«Жыл соңына дейін Жаңа Тихоновкадағы 1012 үй орталық сумен қамтылады. Жалпы, қала бойынша 67 шақырым жаңа су құбыры салынып, 2341 үй орталық жүйеге қосылады. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қарағанды халқының таза ауыз суға деген қажеттілігін толық өтеуге мүмкіндік береді, — деді Қарағанды қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ержан Көкішев.

Құрылыс барысында өндіруші зауыт 50 жылға кепілдік беретін заманауи пластикалық құбырлар қолданылуда. Мердігер ұйым өкілінің айтуынша, осы технологиямен салынған нысандарда соңғы 15 жылда бірде-бір ақау немесе апат тіркелмеген.

Құбыр төсеуде көлденең бағытталған бұрғылау (КББ) әдісі пайдаланылады. Бұл — ор қазусыз, жабық тәсілмен төсеу технологиясы. Ол жол жамылғысы мен тротуарлар, электр желісі тіректері мен өзге инфрақұрылымды зақымдамай, құрылыс жүргізуге мүмкіндік береді.

«Бұл әдістің басты артықшылығы — жұмыстың ізі қалмайды. Құбыр шығатын жерлерде арнайы коммуникациялық құдықтар орнатылады. Бұрғылау кезінде бентонит қолданылады, ол қатқаннан кейін құбырды берік қорғайтын қаптамаға айналады, — дейді учаске бастығы Нұрлан Сағнаев.

Құрылыс аяқталғаннан кейін нысан «Қарағанды Су» ЖШС балансына беріледі. Ал бұзылған абаттандыру жұмыстары қалпына келтіріліп, келесі кезеңде жеке сектордағы жолдар асфальтталады.

Оқылып жатыр

Қарағандыда «Тұлпар мініп, ту алған» байқауына дем берген меморандумға қол қойылды

Қарағанды облысында жаңа үлгідегі тағы бір мектеп ашылды

Цифрландыру және халықпен диалог – Президент кеңесшісі Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық сенбілігі: Қарағанды облысында 10 мың түп ағаш егілді

Шахтинскіде «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан оқушылар мен еріктілер 200 тал көшетін отырғызды

Қарызсыз өмір: Қарағанды облысында тұрғындарға несие тұзағынан шығуға қолдау көрсетілуде

Соңғы жазбалар

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025

Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды

1 Қараша, 2025

Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті

1 Қараша, 2025

Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды

1 Қараша, 2025

Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр

1 Қараша, 2025

Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды

1 Қараша, 2025

Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды

1 Қараша, 2025

Азия-2025 мектеп оқушылары арасындағы чемпионаты: 10 алтын медаль!

1 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.