Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

«Мен тірімін — айыбым сол ғана»: Сарбаз өліміне күдікті командир сотта өз шындығын айтты

28 Қараша, 2025

«Бакиевті сендерге ешқашан бермеймін»: Лукашенко Бішкекте Қырғызстанның экс-президенті жайлы айтып, қырғыздардың намысына тиді

28 Қараша, 2025

«Мен антиваксер емеспін»: Дидар Смағұлов неге Sanofi вакцинасына қарсы екенін нақты дәлелдермен түсіндірді

28 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Мен тірімін — айыбым сол ғана»: Сарбаз өліміне күдікті командир сотта өз шындығын айтты
  • «Бакиевті сендерге ешқашан бермеймін»: Лукашенко Бішкекте Қырғызстанның экс-президенті жайлы айтып, қырғыздардың намысына тиді
  • «Мен антиваксер емеспін»: Дидар Смағұлов неге Sanofi вакцинасына қарсы екенін нақты дәлелдермен түсіндірді
  • Алматыдағы комьюнити орталықтарға жарты миллионнан астам жас келген
  • «Таза Қазақстан»: Алматыда экологиялық жұмыстардың аралық қорытындысы шығарылды
  • «Көпшіліктің көзінше бөксемнен ұрды»: Астанадағы фитнес-клубтың жаттықтырушысы әріптесінің әрекетіне шағымданды
  • Ұлытауда зымыран сынығы құлады
  • Ұлытау облысында далалық аймақтан зымыран қалдықтары табылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 28 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Қарапайым әскердің өмірінен хабары жоқ»: саясаткер сарбаздардың өлімі жайлы сұраққа мысқылдаған министрді сынады

«Қарапайым әскердің өмірінен хабары жоқ»: саясаткер сарбаздардың өлімі жайлы сұраққа мысқылдаған министрді сынады

28 Қараша, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: коллаж Todayinfo

Саясаткер Айдар Әлібаев әскердегі әлімжеттік пен заңсыздыққа қатысты журналист қойған сұраққа қорғаныс министрінің күліп жауап беруі – өрескел әрекет деп бағалады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Әлибаевтың айтуынша, министрдің бұл қылығы елдің қорғанысына жауапты тұлғаға мүлде сай келмейді. Оның пікірінше, министр қарапайым сарбаздың қалай өмір сүретінін, не жейтінін, қандай жағдайда қызмет ететінін білмейтіндей әсер қалдырған.

«Бізде темірдей тәртіп түгілі, элементар тәртіптің өзі жоқ»

Сарапшы әскердегі жас сарбаздардың жиі қаза табуы – жүйелік проблеманың айқын белгісі екенін айтады. Тәртіп болмаған жерде әлімжеттік, дедовщина, жемқорлық өрши түседі.

Оның сөзінше, көптеген жағдайда офицерлердің кәсіби дайындығы төмен, ал басқару тетігі сержанттардың қолына өтіп кеткен. Сарбаздардан ақша жинау, ата-аналарға «карточкаға ақша салыңдар» деп мәжбүрлету – қалыпты құбылысқа айналған.

«Тамақтандыру нормасы жеткілікті, бірақ сарбаздар арық, жүдеу. Бұл қаржының мақсатсыз жұмсалып жатқанын көрсетеді», – дейді саясаткер.

Еске сала кетейік, 10 қараша күні баласы әскерде көз жұмған бір топ ана Астанадағы министрліктер үйінің алдында жиналып, әскердегі бассыздықты жоюды талап еткен болатын. Оқиғаны Президенттің өзі бақылауға алып, құзырлы органға әскердегі былықты тексеруді тапсырды.

Алайда арада көп ұзамай Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов журналистердің «әскерде ұрып-cоғу бар ма?» деген сұрағына мысқылдай күліп, «қазір ондай жоқ», деген болатын.

«Әскер қоғамнан әдейі жасырын, ал қайғылы жағдайлар жабулы қазан күйінде қалады»

Әлибаевтың айтуынша, әскери құрылымдар кез келген оқиғаны «әскери құпия» деп жауып, сарбаздың өлім себебін туыстарына толық түсіндірмейді. Көп жағдайда бәрін «өз-өзіне қол салды» деп шығара салу – үйреншікті сценарийге айналған.

Министрдің күлкісі – аналар үшін қорлау

«Жас жігіттердің қазасына жауапты тұлға ретінде министр ең болмаса көңіл айтып, нақты жоспарды жариялауы керек еді. Бірақ біз тек мысқылға толы күлкіні көрдік», – дейді сарапшы.

Оның сөзінше, президенттің тексеру бастау туралы тапсырмасы жүйені түбегейлі өзгертпейді. Қорғану саласындағы мәселе бір ғана бұйрықпен шешілмейді.

«Өзгеріс болатынына сенбеймін»

Әлибаев армиядағы мәселелерді шешу үшін:

  • офицерлер корпусын түбегейлі жаңарту,
  • кәсіби дайындық деңгейін көтеру,
  • әскерді қоғамға ашық ету,
  • жемқорлықты жою,

сияқты түбегейлі реформалар қажет екенін айтады.

«Қазіргі жүйе ескірген. Кеңестен қалған тәсілмен сарбазды «пушечное мясо» ретінде дайындау жалғасып келеді. Мұндай жүйе өзгермейінше, жас сарбаздардың өмірі қауіпте бола береді», – деді саясаткер.

Оқылып жатыр

«Мен тірімін — айыбым сол ғана»: Сарбаз өліміне күдікті командир сотта өз шындығын айтты

«Мен антиваксер емеспін»: Дидар Смағұлов неге Sanofi вакцинасына қарсы екенін нақты дәлелдермен түсіндірді

«Көпшіліктің көзінше бөксемнен ұрды»: Астанадағы фитнес-клубтың жаттықтырушысы әріптесінің әрекетіне шағымданды

Ұлытауда зымыран сынығы құлады

Ұлытау облысында далалық аймақтан зымыран қалдықтары табылды

«Бала-шағаны майып қылады»: Ақтауда әкімдік сапасыз үйді қабылдап алған

Соңғы жазбалар

«Мен тірімін — айыбым сол ғана»: Сарбаз өліміне күдікті командир сотта өз шындығын айтты

28 Қараша, 2025

«Бакиевті сендерге ешқашан бермеймін»: Лукашенко Бішкекте Қырғызстанның экс-президенті жайлы айтып, қырғыздардың намысына тиді

28 Қараша, 2025

«Мен антиваксер емеспін»: Дидар Смағұлов неге Sanofi вакцинасына қарсы екенін нақты дәлелдермен түсіндірді

28 Қараша, 2025

Алматыдағы комьюнити орталықтарға жарты миллионнан астам жас келген

28 Қараша, 2025

«Таза Қазақстан»: Алматыда экологиялық жұмыстардың аралық қорытындысы шығарылды

28 Қараша, 2025

«Көпшіліктің көзінше бөксемнен ұрды»: Астанадағы фитнес-клубтың жаттықтырушысы әріптесінің әрекетіне шағымданды

28 Қараша, 2025

Ұлытауда зымыран сынығы құлады

28 Қараша, 2025

Ұлытау облысында далалық аймақтан зымыран қалдықтары табылды

28 Қараша, 2025

«Бала-шағаны майып қылады»: Ақтауда әкімдік сапасыз үйді қабылдап алған

28 Қараша, 2025

«Қарапайым әскердің өмірінен хабары жоқ»: саясаткер сарбаздардың өлімі жайлы сұраққа мысқылдаған министрді сынады

28 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.