2025 жылғы 21 мамырда Қарасай ауданындағы заманауи «Үшқоңыр» спорт кешенінде қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне Алматы облысының іріктеу жарысы — «Алатау арланы» турнирі өтті, деп хабарлайды Todayinfo.
Аталған жарысқа облыстың барлық аудандарынан іріктелген 32 балуан қатысып, бозкілемде өзара мықтыны анықтады. Спортшылар ұлттық күрес өнерінің үздік дәстүрлерін паш етіп, шеберліктері мен күш-жігерлерін сынады.
Қазақ күресі нағыз патриот, отанны сүйетін, еңбекқор жастардың күш сынасатын орны. Қазақ күресі сонау ата-бабамыздың тарихын білуге, тануға мүмкіндік береді. Одан бөлек қазақ халқының еңбекқор, балуан болғанын да насихаттайды.
Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар келесідей анықталды:
Сәкенұлы Жігер – Іле ауданы
Жұмахметов Әлімжан – Балқаш ауданы
Жолтаев Нұрғали – Еңбекшіқазақ ауданы
Жеңімпаз бен жүлдегерлер медаль, грамота, арнайы белбеу және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Бұл жарыс — облысымыздағы қазақ күресінің дамуына серпін беретін маңызды дода. «Қазақстан барысы» турниріне жолдама алу жолындағы бұл іріктеу бәсекесі жас балуандарға үлкен мүмкіндік және ұлттық спортқа деген қызығушылықты арттыратын игі бастама болып табылады.