Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Туризм саласындағы 200 әйел маманға қолдау көрсетіледі

25 Қазан, 2025

Алматыда Республика күніне арналған салтанатты концерт өтті

25 Қазан, 2025

Путин Қазақстан-Ресей шекарасы бойынша жарлыққа қол қойды

25 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Туризм саласындағы 200 әйел маманға қолдау көрсетіледі
  • Алматыда Республика күніне арналған салтанатты концерт өтті
  • Путин Қазақстан-Ресей шекарасы бойынша жарлыққа қол қойды
  • Геннадий Головкин World Boxing президенті лауазымына үміткер атанды
  • Назарбаевтың жиені қос азаматтықпен ұсталды: Алтай Асқардың Кипр паспорты мен миллиардтаған мүлкі әшкереленді
  • «Конверттегі жалақыны» енді Жасанды интеллект анықтайды: Қазақстанда жаңа заң дайындалуда
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады
  • «Өту билеті»: Ұлттық компаниялардың «басым құқығы» бәсекелестікті қалай жойып отыр?
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 25 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

25 Қазан, 2025 AQORDA
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қымбатты отандастар!

Республика күні құтты болсын!

Қазақстан осыдан 35 жыл бұрын Егемендік декларациясын қабылдап, жаңа дәуірге қадам басты. Тарихи құжатта халқымыздың өз болашағын дербес айқындау құқығы нақты көрініс тапты. Сол арқылы бостандықтың байрағын көтеріп, заманауи мемлекет құруымызға жол ашылды. Содан бері еліміз қиын да күрделі жолдан өтті.

Біз Тәуелсіздігіміздің саяси-экономикалық тұғырын бекіттік, шекарамызды айқындап, оны бүкіл әлемге таныттық, жаңа астанамызды салдық. Сондай-ақ жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайту, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру жолында зор жетістікке қол жеткіздік. Қазақстан салиқалы әрі сындарлы сыртқы саясатының арқасында өзінің ұлттық мүддесіне адал, халықаралық абырой-беделі жоғары мемлекет ретінде қалыптасты. Дегенмен алдымызда бұдан да зор міндеттер тұр.

Біз қазіргі алмағайып замандағы орасан сын-қатерлерге қарамастан, барлық азаматқа бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Саясаттағы, экономика мен әлеуметтік саладағы реформалар Отанымыздың өсіп-өркендеуін қамтамасыз етіп, халқымыздың тұрмыс сапасын арттыруды көздейді.

Біз «Заң және тәртіп» қағидатын, «Таза Қазақстан» идеологиясын, отаншылдық пен тілеулестік, еңбекқорлық пен жауапкершілік, білімпаздық пен кәсібилік құндылықтарын қоғамда барынша орнықтырып, келешегіне сеніммен қарайтын озық ойлы ұлт ретінде қалыптасып келеміз. Әр буынның өз миссиясы бар. Осы орайда, бабалар өсиетін ұмытпай, қастерлі Тәуелсіздігімізді нығайта түсу, Қазақстанды дамыған, жасампаз әрі әділетті ел ету – бәрімізге ортақ парыз.

Біз еселі еңбектің, өзара қолдаудың және ең бастысы, мызғымас бірліктің арқасында барлық жоспарымызды табысты жүзеге асырып, жаңа белестерді бағындыра беретінімізге сенімдімін. Еліміздің келешегі – әрқайсымыздың қолымызда.

Қазақстанның көк туы әрдайым биікте желбіресін!

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және мол табыс тілеймін!

Оқылып жатыр

Тәуелсіздік – бәрінен қымбат құндылығымыз — Тоқаев

Тоқаев Республика күні қарсаңында бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Финляндия президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Ақордада қарсы алды

Ильхам Әлиев Ақордаға келді

Мағжан Ілиясов Қазақстанның Америкадағы Елшісі болып тағайындалды

Соңғы жазбалар

Туризм саласындағы 200 әйел маманға қолдау көрсетіледі

25 Қазан, 2025

Алматыда Республика күніне арналған салтанатты концерт өтті

25 Қазан, 2025

Путин Қазақстан-Ресей шекарасы бойынша жарлыққа қол қойды

25 Қазан, 2025

Геннадий Головкин World Boxing президенті лауазымына үміткер атанды

25 Қазан, 2025

Назарбаевтың жиені қос азаматтықпен ұсталды: Алтай Асқардың Кипр паспорты мен миллиардтаған мүлкі әшкереленді

25 Қазан, 2025

«Конверттегі жалақыны» енді Жасанды интеллект анықтайды: Қазақстанда жаңа заң дайындалуда

25 Қазан, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

25 Қазан, 2025

«Өту билеті»: Ұлттық компаниялардың «басым құқығы» бәсекелестікті қалай жойып отыр?

24 Қазан, 2025

Салықтан жалтарды деп айыпталған BI Group 32,3 млрд теңге дивиденд төлейді

24 Қазан, 2025

Махамбет ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

24 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.