Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге сапармен барды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Сапардың негізгі мақсаты — Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысу. Бұл тарихи дата ТМД елдерінде «Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы» деп жарияланған болатын.
Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастар стратегиялық серіктестік пен одақтастыққа негізделген.