Фото: видео скриншот
Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желі қолданушыларының сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Ол желі қолданушыларының «Қайраттың концертіне қатыспайсыз ба?» деген сұрағына жауап қайтарды. Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртастың концертінің басы-қасында жүргенін көрсетіп, дайындық кезінде түсірілген видеоларын жариялады.
«Неғып жатырсыздар? Жүрміз ғой басы-қасында. Бәрі бақылауда. Уайымдамаңыздар», — деп жазды өнер иесі.
Сондай актриса концерттің ерекше форматта өтетіне тоқталды.
«Дайындық. Мына масштаб бұрынғыдан бөлек болайын деп тұр. Сахнада сіздер біле білмейтін талай моменттер болады. Ертең келіп, көзбен көріңіз», — деді Жұлдыз Әбдікәрімова.


