Әнұран шырқалған сәтте спортшы бір қолын жүрегіне қойып, екінші қолын қалтасына салып тұрған. Ал оның жанында тұрған екінші спортшы тіпті қолын жүрегіне қоймаған. Мұны көрген желідегілер спортшыларды сөгіп тастады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
«Құрметсіздік танытып, қолын қалтасына салып тұр”, “Қазақстанға құрметің қайда?”, “Легионерлер сияқты, біздің әнұранымызға түкіріп қойыпты”, “Өз еліңнің әнұранын құрметтеу керек», – деп жарыса жазды желідегілер.
Спортшы София Аверянова өзінен қателік кеткенін айтты.
«Менің мінез-құлқымды құрметтемеушілік деп қабылдаған болсам, кешірім сұраймын. Әнұран мен мемлекеттік рәміздер құрметке лайық деп түсінемін және бұл менің қателігім болды. Болашақта мұқият әрі құрметті болуға тырысамын. Халықаралық жарыстарда ел намысын қорғау мен үшін үлкен мәртебе, жауапкершілік. Мен үшін қазір қолдау өте маңызды», — деп жазды ол.
@sofia_massage01 Менің мінез-құлқымды құрметтемеушілік деп қабылдаған болсам, кешірім сұраймын. Әнұран мен мемлекеттік рәміздер құрметке лайық деп түсінемін және бұл менің қателігім болды. Болашақта мұқият әрі құрметті болуға тырысамын🙏🏽 Халықаралық жарыстарда ел намысын қорғау мен үшін үлкен мәртебе, жауапкершілік. Мен үшін қазір қолдау өте маңызды