Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • «Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қазақ баласы Бурабай өзенін бір қол, бір аяқсыз жүзіп өтті (ВИДЕО)

16 Тамыз, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ақназардың видеосы тез таралып, көпшілікті тәнті етті. Ол бір қолы мен аяғынан айырылса да 2,5 шақырымды шаршамай, шалдықпай, 1 сағат 25 минутта еркін жүзіп өтті. Мұны шынында да ерлік деуге болады.

Ақназар Мүтәліп 2018 жылы 5 сәуірде  бір аяғы мен бір қолынан айырылған екен. Сол кезде ол өмірден түңіліп кете жаздағанда оның жанынан отбасы мен жақын адамдары табылып, моральдық тұрғыда демеу беріп, көп көмектесіпті. Қазір ол сол жағдайды еске алғанда отбасы мен ет-бауыр жақын адамдарын аузынан тастамай, ризашылығын білдіріп отырады.

«Мен бір аяғым мен қолымнан айырылғаннан кейін біраз уақыт өз-өзіме келе алмай жүрдім. Жасыратын ештеңесі жоқ, өмірден түңіліп те кете жаздадым. Өйткені, ешқашан мүгедек болып қаламын деп ойлаған емеспін ғой. Сол кезде маған отбасы мен туыстарым көп көмектесті. Не істерімді білмей жүрдім. Содан кейін бір кезде суға жүзуді ермек етіп, осыны көрейінші деп жаттыға бастадым», — дейді Ақназар.

 

2019 ЖЫЛЫ АЛҒАШ РЕТ БІР АЯҚ, БІР ҚОЛСЫЗ ЖҮЗЕ БАСТАДЫ

Ол алғаш рет 2019 жылы Балқаш көлінде суға жүзіп көріпті. Сонда аздап қобалжып, суға батып кетемін бе деп те ойлаған екен. Бірақ уақыт өте келе бір қол мен аяқсыз жүзуге де бойы үйреніп, спорттың осы түрімен шындап кірісе бастапты.

«Иә, жасыратыны жоқ, алғаш кезде мен қорықтым. Қалай дегенмен де қиын емес пе?! Сол кезде мен өзімді қайрап, іштей «Ақназар берілме, сенің қолыңнан бәрі келеді. Сен жүзе аласың», деп өзіме сенімімді оятқым келді. Соның нәтижесі болар, қазір кез келген жерді еркін жүзіп кете аламын. Оның мысалы, өздеріңіз көріп отырғандай, мына Бурабай өзенін жүзіп өткенім», — деді ол.

Осы жерде бір айта кететін нәрсе, Ақназар Мүтәліп биыл 400 метрге еркін жүзуден Қазақстан чемпионы атаныпты. Ал мамыр айында Бурабай өзенінің о шеті мен бұ шетін жүзіп өтуді мақсат етіпті. Сол мақсатына 6 тамызда жетті.  Ол 2,5 шақырымды шаршамай, шалдықпай, 1 сағат 25 минутта еркін жүзіп өтті.

Биыл жазда британдық саяхатшы Карл Бушби Каспий теңізі арқылы Қазақстаннан Әзербайжанға дейін 300 шақырымды жүзіп өтуді жоспарлап отырғанын айтып еді. Оның қашан жүзіп өтетіні әзірше белгісіз.

 

аяқсыз бір баласы Бурабай ВИДЕО жүзіп қазақ қол өзенін өтті

Оқылып жатыр

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

Соңғы жазбалар

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.