Фото:Instagram /dina_shayk
Дина Шайхислам АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың инаугурациясына шақырту алды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Бүгін мен президент Трамп пен вице-президент Вэнстің инаугурациясына ресми шақыру алдым, — деп желі қолданушыларына хатты көрсетті.
Дина Шайхислам – Назарбаев университетінің түлегі, саяси кеңесші, Childrens Development Foundation қоғамдық қорының негізін қалаушы.
Ол конгрессмен Коннелиден арнайы шақырту алған. Хатта шақыртудан бөлек сол күнгі іс-шараның бағдарламасы, партияның тарихы жазылған ақпараттық қағаз да жолданған.