«Қазақмыс» корпорациясы шахтада болған төтенше жағдайдың бастапқы себебі құлау болуы мүмкін деп мәлімдегенімен, құтқару бригадалары оқиға орнына түскен соң бұл болжам расталмағанын хабарлады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Қазіргі таңда апаттың табиғи газдың шығуымен байланысты болуы мүмкін екендігі зерттеліп жатыр. Тергеу аяқталғанға дейін кен орнының жұмысы уақытша тоқтатылды.
Қаза болған шахтерлардың отбасыларына көмек
📌 «Қазақмыс» компаниясы марқұмдардың денелерін туыстары сұратқан аймақтарға тасымалдау шығындарын өз мойнына алды.
📌 Жерлеуге арналған біржолғы төлем – 2,2 миллион теңге.
📌 Отбасыларына жылдық жалақының 10 еселенген мөлшерінде өтемақы төленеді (84 млн – 141 млн теңге аралығында).
📌 Марқұмдардың банктер алдындағы қарыздарын өтеу қарастырылуда.
Компанияның мәліметінше, Bank RBK, Kaspi және Halyk Bank банктерінде 47,5 миллион теңге көлемінде несиелер мен ипотекалар анықталған. Оларды жабу бойынша жұмыстар жүргізілуде.