Фото: https://massaget.kz/
17 ақпанда «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Жомарт» кенішіндегі шахтада тау-кен массасы опырылды. Компания олардың суретін жариялады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Оқиға салдарынан жеті қызметкер үйінді астында қалып, қайтыс болды.
Қаза тапқандардың ең жасы 26 жаста болған.
Олар:
Ақшалов Қайрат Аманбекұлы, 1975 жылы туған, сорғы қондырғыларының машинисі;
Жақұбаев Ардақ Боранбайұлы, 1998 жылы туған, жерасты учаскесінің тау-кен шебері;
Жұмадоллаев Бақытбек Нышанұлы, 1975 жылы туған, жерасты тау-кен жұмысшысы;
Кенжебеков Орынбек Әмірханұлы, 1991 жылы туған, тиеу-жеткізу машинасының машинисі;
Молдабеков Ғалымжан Есенбекұлы, 1978 жылы туған, шпур бұрғылаушының көмекшісі;
Нұролдаев Олжас Жағалбайұлы, 1979 жылы туған, жерасты учаскесінің энергетигі;
Рожков Константин Владимирович, 1992 жылы туған, жерасты тау кен қазу жабдықтарының электр слесарі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram