Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Моңғолия – Азиядағы сенімді әрі маңызды серіктесіміз – Тоқаев

5 Қыркүйек, 2025

4 автокөлік, 4 пәтер пен жеке үй: Перизат Қайраттың мүлкі аукционда сатылады

5 Қыркүйек, 2025

Астанада 10 автокөлік ойнатпақ болған блогерлерге қатысты сот басталды

5 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Моңғолия – Азиядағы сенімді әрі маңызды серіктесіміз – Тоқаев
  • 4 автокөлік, 4 пәтер пен жеке үй: Перизат Қайраттың мүлкі аукционда сатылады
  • Астанада 10 автокөлік ойнатпақ болған блогерлерге қатысты сот басталды
  • Қазақстан әлемдік мұнай нарығындағы жетекші мемлекеттің бірі — Тоқаев
  • Жаңа заң күшіне енеді: Бұдан былай банк картасын басқа біреуге бергендер сотталады
  • Конор Макгрегор Ирландия президенттігіне кандидатурасын ұсынды
  • Президент саябағындағы нысандар құрылысы қарқынды
  • Әзербайжан-Ресей текетіресі: Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан 6 қазақстандықтың біреуіне ғана сақтандыру төлеген
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 5 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Қазақстан әлемдік мұнай нарығындағы жетекші мемлекеттің бірі — Тоқаев

Қазақстан әлемдік мұнай нарығындағы жетекші мемлекеттің бірі — Тоқаев

5 Қыркүйек, 2025 AQORDA
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысы мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo.kz

Ақордада өткен салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ кешені ел экономикасының аса маңызды саласы екенін атап өтті.

– Сіздер осы салада адал еңбек етіп, мемлекетіміздің дамуына мол үлес қосып келесіздер. Бұл нағыз еңбек адамдарына тән қасиет деп санаймын. Жалпы, еліміздегі мұнай-газ өнеркәсібінің өзіндік дәстүрі, бай тарихы бар. Осы саланың қалыптасып, өркендеуіне бірнеше буын өкілдері зор еңбек сіңірді. Сіздерді аға буынның лайықты ізбасары деуге болады. Қазір мұнай-газ саласында екі жүз мыңнан астам адам жұмыс істейді. Сіздердің табанды еңбектеріңіздің арқасында Қазақстанымыз өркендеп, көркеюде. Мен мұны жоғары бағалаймын. Бәріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент былтыр қазақ мұнайының 125 жылдығы аталып өткенін еске салып, биыл да осы сала үшін айтулы жыл екеніне тоқталды. 

– Атырау мұнай өңдеу зауытының ашылғанына 80 жыл толды. Шымкент мұнай өңдеу зауытына 40 жыл, ал «QazaqGaz» ұлттық компаниясына 25 жыл толып отыр. Бұл мерекелік күндер еліміздің мұнай-газ саласының мән-маңызын көрсетеді. Мұнай мен газ – стратегиялық маңызы бар ресурс, бұл – жұртшылыққа белгілі дерек. Себебі бұл сала еліміздің өсіп-өркендеуіне айрықша ықпал етті. Тәуелсіздік жылдары қара алтынның игілігін молынан көрдік. Қазіргі таңда бұл сала қарқынды дамып келеді. Қазақстан әлемдік мұнай нарығындағы жетекші мемлекеттің бірі саналады. Егемендік кезеңінде еліміздегі мұнай өндірісі төрт есе өсті. Жақын арада мұнай өндіру көлемін жылына 100 миллион тоннаға жеткіземіз, – деді Мемлекет басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан шикізат өндірумен қатар, оны терең өңдеуге баса мән беретінін айтты.

– Бұл бағытта нақты жұмыс істеліп жатыр. Атырау, Павлодар, Шымкент қалаларында орналасқан үш ірі мұнай өңдеу зауыты жаңғыртылды. Соның арқасында біз ішкі нарықты сапалы жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етіп отырмыз. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде 13 миллионға жуық адам табиғи газға қол жеткізді. Қазір бұл бағытта бұрын-соңды болмаған ауқымды жобалар іске асырылуда. Қашағанда жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы жүріп жатыр. «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісі салынуда. Сондай-ақ біз қосымша құны жоғары өнімдер шығаруды қолға алдық. Мұнай-газ химиясы саласында бірқатар ірі жобаны іске қосамыз. Мұның бәрі 20 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Соның ішінде полиэтилен зауытын ерекше атап өткім келеді. Бұл – шетел инвесторларымен бірге іске асырылып жатқан маңызды жоба. Инвестиция көлемі 7 миллиард доллардан асады. «Қаламқас-теңіз» және «Хазар» секілді ірі теңіз кен орындарын игеру басталды. Алты миллиард доллардан астам инвестиция салынады. Теңіз платформаларының құрылысын отандық кеме құрастырушы кәсіпорындар жүргізеді. Бұл Қазақстанның мұнай-газ саласындағы үлкен оқиға болмақ. Аталған жобалардың бәрі энергетикалық әлеуетімізді нығайтып қана қоймай, ел экономикасының қарыштап дамуына ықпал етеді. Мұның игілігін барша халық көреді, – деді Президент.

Фото: Ақорда

Оқылып жатыр

Моңғолия – Азиядағы сенімді әрі маңызды серіктесіміз – Тоқаев

Цифрлық Қазақстан бағдарламасын жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат және Жолдаудың міндеттері

«Исламға құрметсіздік пе?»: Алматыда танымал сауда үйіндегі есікке қойылған белгі жұрттың ашуын тудырды

Ақмоладағы 4 банктің кредит дауы: Қаржыгерлер қауымдастығы мәлімдеме жасады

Қарағанды кландарының айқасы: Ахметовты түрмеге «тыққан» Нығматулинге тықыр таянды

Шығын 200 млн теңге: Алматыда Макс Корждың концертіне әкімдік рұқсат бермеді

Соңғы жазбалар

Моңғолия – Азиядағы сенімді әрі маңызды серіктесіміз – Тоқаев

5 Қыркүйек, 2025

4 автокөлік, 4 пәтер пен жеке үй: Перизат Қайраттың мүлкі аукционда сатылады

5 Қыркүйек, 2025

Астанада 10 автокөлік ойнатпақ болған блогерлерге қатысты сот басталды

5 Қыркүйек, 2025

Қазақстан әлемдік мұнай нарығындағы жетекші мемлекеттің бірі — Тоқаев

5 Қыркүйек, 2025

Жаңа заң күшіне енеді: Бұдан былай банк картасын басқа біреуге бергендер сотталады

5 Қыркүйек, 2025

Конор Макгрегор Ирландия президенттігіне кандидатурасын ұсынды

5 Қыркүйек, 2025

Президент саябағындағы нысандар құрылысы қарқынды

5 Қыркүйек, 2025

Әзербайжан-Ресей текетіресі: Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан 6 қазақстандықтың біреуіне ғана сақтандыру төлеген

5 Қыркүйек, 2025

30%-ға қымбаттайды: Елімізде енді бір адам тәулігіне 140 литрден артық су пайдалана алмайды

5 Қыркүйек, 2025

«Күзетшіге айналған Алмас Өтешов, тәпішкесі жыртық Болат Жұмаділов»: Аты аңызға айналған спортшылар неліктен аянышты күйге түсті

5 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.