Ұлттық ядролық орталықта (ҰЯО) Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану мәселелері талқыланды. Кеңесте Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысына дайындық барысы қаралып, энергетикалық қауіпсіздік мәселелері сөз болды, деп хабарлайды Todayinfo порталы.
Атом энергетикасы және ядролық қауіпсіздік
Ұлттық ядролық орталық – ядролық қауіпсіздік, атом энергетикасы және радиациялық экология саласында жетекші ғылыми-зерттеу ұйымы. Орталықта ғылыми зерттеулер жүргізу, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және жоғары білікті мамандар даярлау басты назарда.
🔹 Премьер-министр өңірдегі экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру бағытындағы зерттеулерді жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
🔹 Кеңеске Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарушы директоры Ернат Бердіқұлов және Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры Эрлан Батырбеков қатысты.
Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысына дайындық
Энергетика министрлігі 2050 жылға дейінгі Атом саласын дамыту стратегиясын әзірлеуде. Бұл құжатта:
✅ АЭС салу және оны дамыту жоспарлары,
✅ Ядролық-энергетикалық бағдарламаны тиімді іске асыру,
✅ Ядролық физика институты базасында мамандар даярлау,
✅ Курчатов қаласында ғылыми қалашықтар құру мәселелері қарастырылған.
Қазақстан – ядролық энергия нарығындағы көшбасшы
«Мемлекет басшысы алдымызға энергетиканы дамыту және ядролық кластер құру міндетін қойды. Қазақстан – әлемдік нарықтағы 43% үлесімен уран экспорты бойынша көшбасшы мемлекет. Бізде зерттеу реакторларын пайдалану тәжірибесі бар және мықты ғылыми әлеует қалыптасқан. Толық ядролық отын цикліне көшу экономиканың барлық саласында ілгерілеуді қамтамасыз етеді», – деді Олжас Бектенов.