Петропавлда TikTok қолданушысы бейәдеп сөздер айтылған видео жариялағаны үшін жауапқа тартылды.
Қаланың Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының хабарлауынша, ол ұятсыз сөздер айтқан видеосын жариялаған.
«Сот оны ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша (ұсақ бұзақылық) әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 78 640 теңге көлемінде айыппұл салу түрінде жаза тағайындады», – делінген соттың хабарламасында.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.