АҚШ-тың танымал кәсіпкері, Дональд Трамптың бұрынғы көмекшісі және Ресей мафиясымен байланысы бар Феликс Сатер Қазақстанға қарсы жаңа сот ісін бастайды. Ол «БТА Банкінен» ұрланған ақшаны заңдастыру ісі бойынша айыпталып отыр. Бұл туралы Todayinfo.kz порталы Bloomberg-ке сілтеме жасап хабарлады.
Нью-Йорктегі сот шешімі
Нью-Йорк аппеляциялық соты Феликс Сатердің өтінішін қанағаттандырып, істі қайта қарауға жіберді. Бұл шешім Алматы әкімдігі мен «БТА Банк» үшін үлкен соққы болды.
Қалалық билік пен банк кәсіпкерді «БТА Банкі» қаражатын АҚШ-тағы жылжымайтын мүлікке инвестициялау арқылы заңдастырды деп айыптауда. Іс материалдарына сәйкес, сол инвестицияның бір бөлігі бұрын Trump SoHo деп аталған, қазіргі The Dominick нью-йорктік зәулім ғимаратына бағытталған.
2024 жылы маусымда Сатер сотта жеңіліп, 32 миллион доллар өтемақы төлеуге міндеттелген еді. Алайда ол бұл шешімге апелляция беріп, іс мерзімінің дұрыс есептелмегенін алға тартты. 2025 жылдың 15 қаңтарында Нью-Йорк соты Сатердің дәлелдерін қабылдап, істі қайта қарауға шешім шығарды.
«Көпжылдық заңсыздық пен саяси қысымнан кейін әділет жолында тағы бір қадам жасалды», – деп мәлімдеді Феликс Сатер.
Қазақстан мен Сатердің арасындағы күрестің тарихы
2018 жылы Сатердің Litco LLC компаниясы Қазақстан үкіметі, Алматы әкімдігі және «БТА Банкке» қарсы қарсы талап-арыз берді. Бірақ 2022 жылы ол сот шығындарын төлеуден бас тартып, істі тоқтатқан.
Феликс Сатер кім?
Феликс Сатер (нақты есімі – Феликс Шеферовский) Мәскеуде туып, кейін отбасымен Израильге, сосын АҚШ-қа қоныс аударған. Уолл-стритте брокер болып жұмыс істеп жүріп, 1993 жылы төбелеске қатысып, 15 айға түрмеге қамалған. Кейінірек ол заңсыз әрекеттермен айналысып, 1998 жылы 40 миллион долларлық қаржылық алаяқтық үшін айыпталып, кінәсін мойындады.
Сатер FBI-ге ақпарат беріп, Ресей мафиясына қатысты бірнеше істі ашуға көмектескен. Кейін ол жылжымайтын мүлік саласында жұмыс істеп, Trump Organization-мен серіктес болып, Трамптың Мәскеудегі мұнара жобасын іске асыруға тырысты.
Мухтар Әблязовпен байланысы
Сот құжаттарына сәйкес, Сатер 2007 жылы Мухтар Әблязов пен оның күйеу баласы Ильяс Храпуновтың сұрауымен заңсыз қаражатты заңдастыруға көмектескен. Алматы әкімдігі мен «БТА Банк» оны осы іске қатысы бар деп айыптауда.